
Алтын тұғыр» Республикалық математикалық олимпиадасының республикалық кезеңі
♦️2026 жылғы 26-27 наурызда «Зерделі ақыл-ой дамыту» білім беру орталығы және «Дарын» Республикалық ғылыми-тәжірибелік орталығының ұйымдастыруымен өткізілген бастауыш сынып мұғалімдеріне арналған «Алтын тұғыр» Республикалық математикалық олимпиадасының республикалық кезеңіне Семей қаласы №35 жалпы орта білім беретін мектебінің бастауыш сынып мұғалімі Ашимова Толкын Мырзахановна қатысты.
🥉Олимпиада нәтижесі бойынша Ашимова Толкын ІІІ жүлделі орынды иеленді.
📌Олимпиаданың жүлдегерлерін құттықтаймыз!