Бастауыш сынып мұғалімдеріне арналған
«Математикалық регата» Республикалық олимпиадасының
қалалық кезеңі
♦️Бастауыш сынып мұғалімдерінің математиканы оқытудағы кәсіби шеберлігін жетілдіру мақсатында «Математикалық регата» республикалық олимпиадасының
қалалық кезеңі өтті.
📌Аталмыш іс-шараға 48 педагог қатысты.
👩🏫Олимпиаданың төрт кезеңінде қатысушылар түрлі деңгейдегі тапсырмаларды орындап, өздерінің математикалық білімі мен логикалық ойлау қабілетін көрсетті.
🏆Олимпиаданың қорытындысы бойынша 1 мұғалім І орын, 8 мұғалім ІІ орын, 9 мұғалім ІІІ орынды иеленді.
📌Қазылар алқасының шешімі бойынша жоғары ұпай жинаған бастауыш сынып мұғалімдері Кашникова Елена Васильевна (Ж.Аймауытов атындағы ЖОББМ) және Мукатаева Клара Калелевна (№28 ЖОББМ) облыстық кезеңге жолдама алды.