«Орыс тілі мен әдебиеті мұғалімдерін аттестаттау үшін даярлау жүйесіндегі цифрлық ресурстар»

«Орыс тілі мен әдебиеті мұғалімдерін аттестаттау үшін даярлау жүйесіндегі цифрлық ресурстар»

Ағымдағы жылдың 26 наурызында Семей қаласының білім бөлімі жоспарына сәйкес №30 жалпы орта білім беретін мектебі базасында «Цифровые ресурсы в системе подготовки учителей русского языка и литературы к аттестации» тақырыбында воркшоп өткізілді. Іс-шара қала педагогтерін аттестация кезеңінен сәтті өтуге ықпал ететін заманауи құралдарды меңгертуге, кәсіби диалог құруға мүмкіндік  берді.

Кездесудің негізгі бағыты инновациялық цифрлық технологияларды қолдануға арналды. Қатысушылар күнделікті рутиндік үдерістерді автоматтандыру және біліктілік сынақтарына дайындықты жүйелі түрде ұйымдастыру жолдарын талқылады.

Воркшоп барысында келесі мәселелер қарастырылды:

  • портфолионы жүйелеуге және тестілеуге дайындалуға көмектесетін өзекті платформалар мен білім беру ресурстарына шолу;
  • тәжірибелі мұғалімдердің интерактивті дидактикалық материалдарды әзірлеу бойынша өз тәжірибелерін таныстыруы;
  • біліктілік санатын растау немесе арттыру бойынша нормативтік талаптар мен іс-әрекет алгоритмдерін талқылау.

Іс-шараның ерекше құндылығын «ашық талқылау» форматы арттырды. Педагогтер жеке тәжірибелерімен белсенді бөлісіп, орыс тілі мен әдебиеті пәні мұғалімдері жиі кездесетін қиындықтарды талдап, оларды шешудің тиімді жолдарын ұсынды. Тікелей қарым-қатынас форматы қатысушыларға тек теориялық білім алып қана қоймай, кәсіби қауымдастықтан қолдау сезінуге мүмкіндік берді.

Воркшоп қорытындысы бойынша қатысушылар цифрлық ресурстарды пайдалану педагогтің мүмкіндіктерін айтарлықтай кеңейтетінін, педагогтардың  аттестацияға дайындық үдерісін ашық әрі тиімді ететінін атап көрсетті.