
🌸 Ұлыстың ұлы күні – Наурыз мерекесі №49 ЖОББМ кеңінен аталып өтіп жатыр!
Барлық сынып оқушылары ұлттық қазақ киімдерін киіп, халқымыздың бай салт-дәстүрлерін, ұлттық ойындарын жоғары деңгейде көрсете білді. Көріністер арқылы ата-баба мұрасын жаңғыртып, ұлттық құндылықтарды дәріптеді.
✨ «Асыл әже» ұйымының мүшелері арнайы қатысып, оқушылардың өнерлерін тамашалап, өз бағаларын берді.
📌 Мақсаты:
Ұлттық мәдениет пен салт-дәстүрді насихаттау, оқушылардың шығармашылық қабілеттерін дамыту, үлкенге құрмет, кішіге ізет көрсетуге тәрбиелеу.