
«Математикалық регата»
республикалық олимпиадасының қалалық кезеңі
2026 жылғы 25 ақпанда математика пәні мұғалімдеріне арналған «Математикалық регата» республикалық олимпиадасының қалалық кезеңі сәтті өткізілді.
Олимпиада педагогтердің кәсіби шеберлігін арттыруға, пәндік құзыреттілігін дамытуға және шығармашылықпен жұмыс істейтін мұғалімдерді қолдауға бағытталған.
Шара төрт кезең бойынша ұйымдастырылды, қатысушыларға барлық тапсырмаларды орындауға 70 астрономиялық минут берілді:
І кезең - 10 минут
ІІ кезең - 15 минут
ІІІ кезең - 20 минут
ІV кезең - 25 минут
Тапсырмалар мұғалімдердің пәндік білімін, логикалық ойлау қабілетін және кәсіби дайындығын кешенді бағалауға бағытталған.
Қалалық кезеңге барлығы 29 педагог қатысты. Олимпиада қорытындысы бойынша жеңімпаздар мен жүлдегерлер анықталды:
І- орын
Толқын Дана - №22 ЖОББМЛ
ІІ- орын
Баймуханова Индира Кошкенгалиевна - №10 ЖОББМ
Жақсылықова Айдана Ерланқызы - №51 ЖОББМ
Тәңірбергенов Ерасыл Сайлауұлы - №39 ЖОББМ
ІІІ- орын
Айткалиева Назым Ерлановна - №7 ЖОББМЛ
Оспанов Ельнур Кумарович - №9 ЖОББМ
Кабитова Арай - №25 ЖОББМ
Кадыров Айдар Серкпаевич - Аймауытов ат. ЖОББМ
Касенгалиев Ерасыл Ескендирович - №18 ЖОББМ
Қуанышбекова Айдана Қуанышбекқызы - №41 ЖОББМ
Ахметжанова Акерке Амангелдыевна - №52 ЖОББМ
Барлық жеңімпаздар мен жүлдегерлерді шын жүректен құттықтаймыз!
Кәсіби табыс пен жаңа жетістіктер тілейміз!