
«ЗЕРДЕ» республикалық 2-7 сынып оқушылары арасында зерттеу жобалары мен шығармашылық жұмыстардың конкурсы
2026 жылдың 19-24 ақпан аралығында Ақмола облысы, Щучинск қаласында «Балдәурен» республикалық оқу-сауықтыру орталығының базасында 2-7 сынып оқушыларына арналған XXI «Зерде» республикалық зерттеу жобалары мен шығармашылық жұмыстары конкурсы өтті.
Байқаудың қоғамдық-гуманитарлық бағыты бойынша Семей қаласынан 6 оқушы қатысып, жүлделі орындарды иеленді.
Жоба қорғау қортындысы бойынша I дәрежелі дипломмен «Қазақ тілі мен әдебиеті» секциясында Рымқанов Шерхан, Серікжан Айша (Жетекшісі: Сулейменова Динара Толегеновна) - «Шәкәрім атындағы көпбейінді №5 гимназиясы» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің 6 сынып оқушылары иеленсе, «Этномәдениеттану» секциясы бойынша Саматова Айсұлу, Оспанова Жанорда (Жетекшісі: Райстанова Перизат Каримхановна) «№16 Төлеубай Аманов атындағы жалпы орта білім беретін мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің 6 сынып оқушылары марапатталды.
Жеңімпаздарды және олардың жетекшілерін құттықтаймыз!