«Жас педагогтің Е-портфолиосы» облыстық байқауы
Педагогтерді кәсіби дамуға және кәсіби құзыреттіліктерін арттыруға ынталандыру, өзінің педагогикалық қызметінің нәтижелерін шығару, шығармашылық жұмыс істейтін педагогтерді анықтау мақсатында «Жас педагогтің Е-портфолиосы» облыстық байқауы өтті. Аталмыш іс-шараға байқаудың қалалық кезеңінің жеңімпаздары, Семей қаласы білім беру мекемелерінің бастауыш сынып мұғалімдері қатысты.
Әділқазылардың шешімі бойынша І орынды «№11 жалпы орта білім беретін мектебі» КММ бастауыш сынып мұғалімі Жумкенова Торгын Сиязбековна, иеленді. «Ы.Алтынсарин атындағы №37 гимназия» КММ бастауыш сынып мұғалімі Құсман Айдана Нұрбекқызы ІІ орынға ие болды.
Байқаудың жүлдегерлерін құттықтаймыз!