
«Педагогикалық бастама» облыстық байқауының қалалық кезеңі
Бастауыш сынып мұғалімдерінің озық педагогикалық тәжірибесін анықтау, тарату, шығармашылық әлеуетті дамыту және педагогикалық шеберлігін жетілдіру мақсатында «Педагогикалық бастама» облыстық байқауының қалалық кезеңі өтті. Аталмыш іс-шараға №2, 3, 15, 19, 21, 23, 26, 28, 32, 34, 35, 39, 40, 48, 50, 51, Шәкәрім атындағы көпбейінді №5 гимназия, Ы.Алтынсарин атындағы №37 гимназия, №14 мектеп-бақшадан 42 педагог қатысты.
Әділқазылардың шешімі бойынша І орынды «Сандық ресурстар қолданылған үздік тапсырмалар жинағы» номинациясында Айтбаева Л.С. (Шәкәрім атындағы көпбейінді №5 гимназия), ІІ орын – Муханова Г.К. (№21 ЖОББМ), Сулимова О.Н. (№28 ЖОББМ), ІІІ орын – Сләмжан А.Ж. (№2 ЖОББМ), Бласбаева М.Ж. (№26 ЖОББМ), Жунусканова Г.С. (№50 ІТ-ЖОББМЛ) жеңіп алды.
«Үздік бейнесабақ» номинациясы бойынша: І орын – Кайырбекова И.Н. (№48 ЖОББМ), ІІ орын – Якушенко В.В. (№28 ЖОББМ), Қасенова А.С. (№35 ЖОББМ), ІІІ орын – Амангелді Ә.С. (№2 ЖОББМ), Асқарова А.Б. (№35 ЖОББМ).
«Үздік презентация» номинациясында І орынды Белянцева Т.А. (№28 ЖОББМ) иеленді. ІІ орынға Кутешова Ж.С. (№3 ЖОББМ), Хабарова М.В. (№32 ЖОББМ), Даутова А.С. (№39 ЖОББМ), ІІІ орынға Ахметова Ж.Т.(№23 ЖОББМ), Есенгулова К.Ж. (№23 ЖОББМ), Лавриненко Т.Л. (№28 ЖОББМ), Гукай И.В. (№35 ЖОББМ), Кабакаева А.Е. (№37 гимназиясы), Дайырбекова У.Т. (№39 ЖОББМ) ие болды.