
«Педагогикалық идеялар фестивалі» Республикалық байқауының
облыстық кезеңі
📌 2025 жылғы 10 желтоқсанда педагогтердің шығармашылық өзін-өзі жүзеге асыруын және кәсіби өсуін ынталандыру, инновациялық тәжірибесін зерделеу және тарату мақсатында «Педагогикалық идеялар фестивалі» Республикалық байқауының облыстық кезеңі өтті.
👩🏫 Аталмыш іс-шараға «Шығармашылық толқын» бағыты бойынша байқаудың қалалық кезеңінің жеңімпазы, «Абай облысы білім басқармасының Семей қаласы білім бөлімінің «Семей қаласының №6 гимназиясы» КММ бастауыш сынып мұғалімі Бекболатқызы Ақмарал қатысты.
🥈Әділқазылардың шешімі бойынша Бекболатқызы Ақмарал жүлделі ІІ орынды иеленді.
🔷 Байқаудың жүлдегерін құттықтаймыз