«Зияткер шәкірт – ұлттық құндылықтың жаршысы» облыстық семинар

«Зияткер шәкірт – ұлттық құндылықтың жаршысы» облыстық семинар

«Зияткер шәкірт – ұлттық құндылықтың жаршысы» облыстық семинар
2025 жылғы 5 желтоқсанда «№27 жалпы орта білім беретін мектебі» КММ-де «Зияткер шәкірт – ұлттық құндылықтың жаршысы» тақырыбында облыстық семинар өткізілді. Семинардың мақсаты: «Шахмат негіздері» пәнін оқыту әдістемесін тәжірибе жүзінде көрсету, педагогтердің іс-тәжірибесімен алмасу. Аталмыш іс-шараға «Қазақстан Шахмат Федерациясы» республикалық қоғамдық бірлестігінің өкілі Зекенова Асель Талғатовна, «Абай облысының шахмат федерациясы» қоғамдық бірлестігінің президенті Оразбаев Қуаныш Есенгелдіұлы, Қазақстан Шахмат Федерациясының жоғары оқу орындарымен жұмысы бойынша координаторы Артықбай Ақжүніс, Абай облысының шахматтан аға жаттықтырушысы, ұлттық санаттағы төреші Хабдес Бақытжан Маратұлы, «Білім берудегі шахмат» жобасына енген №2, 3, 7, 8, 10, 47, 18, 19, 22, 25, 35, 43, 44, 47, 48 мектептері, №6, №37 гимназияларының бастауыш сынып мұғалімдері, Шәкәрім атындағы университетінің білім алушылары қатысты. Семинардың тәжірибелік бөлімінде педагогтер ашық сабақтар өткізді. Семинар соңында қатысушылар пікір алмасып, кері байланыс орнатты. Педагогтер өз пікірлерінде семинардың тиімділігін, оның практикалық маңыздылын атап өтті.