
«Олимп шыңы» Республикалық олимпиадасы
2025 жылғы 1-3 желтоқсанда Алматы қаласында бастауыш сынып мұғалімдеріне арналған «Бастауыш мектепте олимпиадалық және логикалық есептерді шешу тәсілдері» тақырыбында республикалық оқу-әдістемелік семинар өткізілді. Аталмыш іс-шараға Семей қаласы білім беру мекемелерінің бастауыш сынып мұғалімдері қатысты. Семинар шеңберінде «Олимп шыңы» республикалық олимпиадасы ұйымдастырылды. Олимпиада қорытындысы бойынша Сексенбаева Маржан Мураткановна (№50 ЖОББМ) ІІ жүлделі орынды иеленді, Шиянова Айгуль Заманбековна (№3 ЖОББМ) ІІІ орынға ие болды.