
2025 жылдың 29 қазан күні Семей қаласы білім беру ұйымдарының басшылары BINOM мектебінде тәжірибе алмасты.
Семей қаласы мектептерінің директорлары, оқу- тәрбие ісі жөніндегі орынбасарлары және білім бөлімінің әдіскерлері Астана қаласындағы А.Байтұрсынұлы атындағы BINOM мектебіне тәжірибе алмасу мақсатында іссапармен барды.
Іссапар аясында «Менеджерлік бағыт-бағдар: жүйелі басқару, табысты нәтиже» тақырыбында семинар ұйымдастырылды. Семинардың мақсаты — білім беру ұйымдарын басқарудағы заманауи тәсілдерді меңгеру, мектеп басшыларының кәсіби құзыреттілігін арттыру және тиімді менеджмент арқылы сапалы нәтижеге қол жеткізу.Қатысушылар BINOM мектебінің оқу-тәрбие үдерісін ұйымдастыру ерекшеліктерімен, цифрлық инфрақұрылымымен, инновациялық білім беру технологияларымен танысты. Сонымен қатар, елордалық әріптестерімен пікір алмасып, басқару мен тәрбие саласындағы озық тәжірибелерді талқылады.
Бұл сапар Семей қаласының білім беру ұйымдары үшін жаңа идеялар мен тиімді басқару тетіктерін енгізудің маңызды қадамы болды.