
Құрметті әріптестер!
Баршаңызға ұлттық мереке – Республика күні құтты болсын!
Республика күні – тәуелсіздігіміздің бастауы, елдігіміздің берік тұғыры. Бұл күн еліміздің ең басты мерекесі саналады. Бұл мейрам әрбір қазақстандықтың жүрегінде отаншылдық пен елге деген сүйіспеншілікті оятып, барша азаматтың еліміздің бүгіні мен болашағына деген жауапкершілігін арттыра түседі.
Біздің ұрпақ осы мерекенің маңызын терең түсініп, тәуелсіздігімізді қадірлеп, ел игілігі жолында аянбай еңбек етеді деп сенемін. Ұлттық рухымызды асқақтатып, өзімізге артылған аманатқа адал бола отырып, біз әрдайым еліміздің егемендігін сақтаймыз және оның өркендеуіне үлес қосамыз.
Республика күні құтты болсын! Отанымыздың көк байрағы биікте желбіреп, елімізге тыныштық пен береке орнасын! Әр шаңыраққа бақ дарып, ырыс ұяласын. Сіздерге мықты денсаулық, табысты еңбек және мол бақыт тілеймін!
Құрметпен, Семей қаласы білім бөлімінің басшысы Дидар Асқарова