«Ақберен» республикалық байқауының қалалық кезеңінің қорытындысы
2025 жылғы 17 қазанда №31 орта мектеп базасында «Ақберен» республикалық байқауының қалалық кезеңі өткізілді.
Қала мектептерінен 6 номинация бойынша 130 оқушы қатысты.
Байқаудың мақсаты: оқушылардың гуманитарлық-эстетикалық ғылымдар саласында кәсіптік қызметін таңдауға, өлең жазу, тапқыр талантын, дарындылығын ашу, шығармашылық қабілеттерін айқындау.
Байқаудың қорытындысы бойынша келесі оқушылар жеңімпаз атанды:
-Шешендік, білгірлік номинациясы бойынша, Бейсембекова Гүлнәз «№12 ЖОББМ» КММ
-«Көркемсөз оқу» номинациясы Сағатов Нұрина «50 ЖОББ IT мектеп-лицейі»
-Эссе жазу Самат Эльнара«№23 ЖОББМ» КММ
-«Ұлттық аспапта өнер көрсету» номинациясы Фархатұлы Әли «№31 ЖОББМ» КММ
-«Ақындар мүшәйрасы» номинация Аманкелдинов Нурсултан
«№51 ЖОББМ» КММ
-«Ақындар айтысы» Қайырғазинов Қайырлы «№38 ЖОББМ» КММ
Жеңімпаздарды құттықтаймыз.
Білім бөлімі