2025 жыл – Жұмысшы кәсіптер жылы деп жарияланды.
Осыған байланысты Семей қаласының мектептерінде жыл бойы кәсіби бағдар беру кездесулері, өндіріс орындарына экскурсиялар, мамандардың қатысуымен шеберлік сағаттары, оқушылар мен педагогтар арасында кәсіби шеберлік байқаулары ұйымдастырылуда.
15 қазан 2025 жылы "Чернышевский атындағы №1 жалпы орта білім беретін мектебі" КММ-нің оқушыларына Цемент зауытында экскурсия өткізілді. Экскурсия барысында оқушыларға зауыттың толық жұмыс процесі көрсетіліп, өндіріс кезеңдерімен таныстырылды.
Мақсатымыз – жұмысшы мамандықтарының сұранысқа ие, тұрақты және лайықты еңбекақысы бар екенін көрсету.
Қазіргі еңбек нарығына тек теорияны меңгергендер ғана емес, нақты тәжірибесі бар мықты мамандар да қажет.
Жұмысшы кәсіптер жылы аясындағы іс-шаралар арқылы біз жастарды саналы таңдау жасауға шабыттандырғымыз келеді.