Қала мектептерінің директорларының орынбасарларының қатысуымен жиналыс өтті

Қала мектептерінің директорларының орынбасарларының қатысуымен жиналыс өтті

2025 жылдың 15 қазаны күні Семей қаласы №17 мектепте қала мектептерінің директорларының оқу ісінің және ерекше білім беруді қажет ететін оқушылармен жұмыс жүргізетін орынбасарларының қатысуымен жиналыс өтті.
Жиналыста «ҰБТ-2026» негізгі ерекшеліктері туралы «Ұлттық тестілеу орталығы» Семей қаласындағы филиалының басшысы Абенов Болат Балтанұлы ҰБТ ережелерінің өзгерістері, кәсіптік бағдар беру жайлы ақпаратпен бөлісіп, емтиханға тиімді дайындалудың жолдарын көрсетті. 4 жылдық грант статистикасы мен шекті балл, мамандық таңдау жолдары, ҰБТ комбинацияларын таныстырып өтті.
Сонымен қатар келесі мәселелер қаралды: мектептерде оқушыларды тасымалдауды ұйымдастыру ерекше білім беруді қажет ететін оқушылардың оқу үрдісі туралы,"Алтын белгі" және «Үздік аттестат» үміткерлері бойынша ағымдағы жұмыстардың барысы.