2025 жылғы 4 қыркүйекте қазақ халқының ұлы ағартушысы, қоғам қайраткері, тіл білімінің негізін қалаушы Ахмет Байтұрсынұлының туған күніне орай, Қазақстан халқы тілдері күніне арналған салтанатты мерекелік іс-шара қалалық Мәдениет үйінде өткізілді.
Бұл шара – халқымыздың бірлігін, мәдениет пен тіл байлығын дәріптеуге, сондай-ақ Алаш арысының өшпес мұрасын ұлықтауға бағытталды. Іс-шара барысында мерекелік концерт ұсынылып, этномәдени бірлестіктердің шығармашылық ұжымдары өнер көрсетті. Сонымен қатар, мемлекеттік тілдің дамуына және өзге ұлт өкілдерінің тілді меңгеруіне үлес қосқан азаматтар марапатталды.
Ахмет Байтұрсынұлының тағылымды еңбегін дәріптеуге арналған игі бастама аясында қыркүйек айы бойы түрлі мәдени-рухани бағдарламалар, әдеби-музыкалық кештер, шығармашылық кездесулер мен көрмелер дәстүрлі түрде жалғасын табатын болады.
Білім бөлімі