Педагог қызметкерлердің тамыз конференциясы аясындағы бастауыш сынып мұғалімдерінің секция отырысы

Педагог қызметкерлердің тамыз конференциясы аясындағы бастауыш сынып мұғалімдерінің секция отырысы
Педагог қызметкерлердің тамыз конференциясы аясындағы бастауыш сынып мұғалімдерінің секция отырысы
Семей қаласы педагогтерінің  тамыз конференциясы аясында «Бастауыш сынып оқушыларының оқу сауаттылығын дамыту» тақырыбында  секция отырысы өткізілді. Іс-шараға 400-ден астам бастауыш сынып мұғалімі қатысты. Отырыс барысында Астана қаласының Ә.Бөкейхан атындағы BINOM school мектеп-лицейінің бастауыш сынып мұғалімдері Жақсыбаева Аружан Жасуланқызы («Белсенділік пен икемділік дағдылары: заманауи сабақ формуласы»), Сәрсенова Назерке Омарғазықызы, Лесбек Раушан Талғатқызы («Бастауыш сыныпта оқу сауаттылығын дамыту»), Қ.Сәтбаев атындағы BINOM school мектеп-лицейінің бастауыш сынып мұғалімдері Карменбаева Шолпан Нурхасимовна, Рахимова Лязат Каженовна («45 минут Апгрейд  әдісін әдебиеттік оқу сабағында қолдану»),  Семей қаласының Ы.Алтынсарин атындағы №37 гимназияның бастауыш сынып мұғалімі Азаматова Асем Мукановна («Оқу сауаттылығын қалыптастыру – нәтижеге бағытталған білім кепілі»), Шәкәрім атындағы көпбейінді №5 гимназияның мұғалімдері Сексенбаева Сауле Кенжегалиевна, Каленова Куляим Серикбаевна («Оқу сауаттылығы – бастауыштан басталатын ірге тасы»), «Bright Futures School» ЖМС бастауыш сынып мұғалімі  Усенова Дидар Эрнстовна («Оқуға арналған мәтіндер және көркем шығармалармен жұмыс істеу стратегиялары»), №35 ЖОББМ педагогтері Дуйсенбаева Айгуль Тилегеновна, Күнслямова Мейрамгүл Мұратқызы («Оқуды түсінудің негізгі процестері», «Оқусауаттылығын қалыптастырудағы мәтіндер»), №18 ЖОББМ мұғалімі Садвакасова Акмарал Слямгалиевна («Бастауыш білім алушыларының оқу сауаттылығын арттырудағы әдіс-тәсілдерінің қолдануы») өз іс-тәжірибелерімен бөлісіп, шеберлік сыныптарын өткізді. Іс-шара қатысушыларына жұмыс тәжірибесінен қызықты, мазмұнды презентациялар ұсынылды. Секциялық отырыс соңында қатысушылар пікір алмасып, кері байланыс орнатты, спикерлердің жұмыстарына оң баға берді. Педагогтер өз пікірлерінде іс-шараның тиімділігін атап өтті.