Семей қаласының Тамыз конференциясында ұлағатты ұстаздар марапатталды

Семей қаласының Тамыз конференциясында ұлағатты ұстаздар марапатталды

Талай жылдарын білім саласына арнап, жас ұрпақты тәрбиелеу ісінде үлгі болған мектеп басшылары еңбектері үшін құрметке бөленді.

🏅 Семей қаласы әкімінің «Қалаға сіңірген еңбегі үшін» төсбелгісімен қала әкімінің орынбасары Абилдаев Қуаныш Адилбаевич Халит Абляйсович Раимханов – «№41 жалпы орта білім беретін мектебі» КММ директорын, Айгуль Кадыровна Курманбаева – №4 «Балдәурен» балабақшасы КМҚК меңгерушісін, Асия Сайбатталовна Ахмерова – «Пальмира №29 жалпы орта білім беретін мектебі» КММ директорын, Айгул Уасиловна Сатаева – «№16 Төлеубай Аманов атындағы жалпы орта білім беретін мектебі» КММ директорын марапаттады.

🔹Абай облысы білім басқармасының Құрмет грамотасымен Халит Абляйсович Раимханов – «№41 жалпы орта білім беретін мектебі» КММ директоры, Айгуль Кадыровна Курманбаева – №4 «Балдәурен» балабақшасы КМҚК меңгерушісі,
Нурлан Жандильдинович Наширбеков – «№25 жалпы орта білім беретін мектебі» КММ директоры марапатталды.

👏 Құрметті әріптестер! Сіздердің қажырлы еңбектеріңіз, білімге деген адалдығыңыз – өскелең ұрпаққа үлгі! Жаңа өмір белестерінде сәттілік тілейміз!