«Математика шекарасыз – 2025» Халықаралық математикалық олимпиадасы

«Математика шекарасыз – 2025» Халықаралық  математикалық олимпиадасы

«Математика шекарасыз – 2025» Халықаралық математикалық олимпиадасы
2025 жылғы 28 маусым – 1 шілде аралығында Болгарияның Несебыр қаласында «Математика шекарасыз – 2025» XII Халықаралық математикалық олимпиадасының қорытынды кезеңі өтті. Аталмыш олимпиадаға әлемнің 1000-нан астам оқушы қатысты. Қазақстан Республикасы командасының құрамында Семей қаласының №6 гимназиясының 4 сынып оқушысы Молдағали Байжан қатысты (мұғалімі Четыркина Ольга Александровна). Олимпиада қорытындысы бойынша Молдағали Байжан жеке есепте ІІ жүлделі орынды иеленіп, күміс медальмен және кубокпен марапатталды. Командалық есепте Байжан І жүлделі орынды жеңіп, алтын медальмен марапатталды.
Жеңімпазды, оның ата-анасы мен мұғалімдерін құттықтаймыз!