Мектеп жанындағы жазғы лагерлерде Әкелер күніне арналған мерекелік іс-шаралар жоғары деңгейде ұйымдастырылды. Іс-шаралардың басты мақсаты- балаларға әке қамқорлығының маңыздылығын ұғындыру, отбасы құндылықтарын дәріптеу және әкелердің отбасындағы рөлін нығайту болды.
Мерекелік бағдарламалар аясында балалар өздерінің сүйікті әкелеріне құттықтау тілектерін арнап, сурет байқауларына қатысты. Сонымен қатар, "Әке-тірегім " атты тақырыпта сынып сағаттары өткізіліп, балалар өз ойларымен бөлісті.