Бүгін 29 мамыр күні бекітілген мемлекеттік қорытынды аттестаттау кестесіне сәйкес 9-сынып оқушыларына математика пәнінен қорытынды аттестаттау өткізілді. Семей қаласында 4702 оқушы негізгі мектепті бітіреді.
Оның ішінде 2897 оқушысы мемлекеттік тілде, 1805 оқушысы орыс тілінде білім алды..
9, 11сынып оқушыларына арналған мемлекеттік емтихандардың өту барысында академиялық адалдықты сақтау мақсатында қаланың барлық мектептеріне 9,11-сыныптардың бітіру емтихандарының өту барысы туралы онлайн трансляциясы ұйымдастырылды.Емтихан кезінде интернеттің үздіксіз жұмыс істеуі үшін провайдерлермен шұғыл түрде жұмыс жүргізіліп, мектептерде жауапты маман бекітілді. Барлық оқушылар емтихан талаптарына сәйкес аудиторияларға отырғызылып, белгіленген тәртіп пен ереже сақталды.
Негізгі мектепті бітіруші барлық түлектерге сәттілік тілейміз!