«Браво» би ансамблінің қорытынды есеп беру концерті
2025 жылы 26 мамыр күні Балалар мен жастардың шығармашылық сарайында «Браво» би ансамблінің дәстүрлі жылдық қорытынды есеп беру концерті өтті. Концерт барысында тәрбиеленушілер жыл бойы үйренген би өнерлерін сахнада көрсетті.
Іс-шараға 200-ден астам көрермен жиналды. Ата-аналар, қонақтар және ұстаздар балалардың өнерін тамашалап, қолдау білдірді. Көрермендер әрбір нөмірді зор қошеметпен қарсы алып, керемет әсер алды.
Концертке қатысқан әрбір бала өз шығармашылығын жүрекпен жеткізіп, сахнада өз шеберлігін паш етті. Бұл кеш — олардың бір жыл бойғы еңбегінің жарқын нәтижесі болды. Концерт әсерлі, мазмұнды және бір демде өте шықты.
Барлық балаларға болашақта шығармашылық табыс, шабыт және жаңа белестер тілейміз!