КГУ «СОШ №16 имени Толеубая Аманова» объявляет конкурс на занятие вакантной должности учителя физики (на казахском языке, 16 часов)

Абай облысы білім басқармасы Семей қаласы бойынша білім бөлімінің

«№16 Төлеубай Аманов атындағы жалпы орта білім беретін мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі.

 

ФИЗИКА пәні мұғалімі лауазымына (қазақ тілінде) бос орынға

(16 сағат) конкурс жариялайды

 

Мемлекеттік білім беру ұйымының "физика" пәні бойынша бос орынға ваканттық қызметке қазақ тілінде оқытатын мектепке байқау жарияланады, лауазымдық жалақысы педагогикалық өтілі мен біліктілік санатына байланысты.

Құжаттарды қабылдау мерзімі: 2026 жылдың 12 маусымнан  2026 жылдың 22 маусымға дейін.

Семей қ.,  Торайғыров көшесі, 121А, т. мекенжайы бойынша конкурстық іріктеуге қатысу үшін қағаз форматта құжаттар қабылдау бөлімінде қабылданады. Мектеп поштасына электронды форматта semey.sh16@mail.ru, НОБД.

Конкурсқа қатысуға өтінімдер беру мерзімі: Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес демалыс және мереке күндерін қоспағанда, дүйсенбі мен жұма аралығында сағат 13.00-ден 14.00-ға дейінгі түскі үзіліспен сағат 09.00-ден 17.00-ға дейін жүзеге асырылады.

Конкурсқа қатысуға қажетті өтінім semey.sh16@mail.ru, «Enbek.kz» сайтында, НОБД сайтына, Абай облысы білім басқармасының Семей қаласы білім бөлімінің «№16 Төлеубай Аманов атындағы жалпы орта білім беретін мектебі» КММ сайттарына конкурс өткізілетіні  туралы  хабарлама  жариялаған күннен бастап 7 күнтізбелік күнде жүзеге асырылады  12.06.2026ж. -  22.06.2026ж.

Конкурсқа қатысушыға қойылатын талаптар:

  • Жоғары педагогикалық немесе бейіні бойынша білім және педагогикалық жұмыс өтілі болуы тиіс.
  • Оқытушылық қызметін жүзеге асыру кезінде қосымша «педагог-сарапшы», біліктілігі немесе «педагог зерттеуші», «педагог-шебер» біліктілігінің болуы.
  • Компьютерде жұмыс жасай білуі және құжаттарды даярлау бойынша бағдарламалық қамтамасыздық;

 

"Физика" мұғалімінің негізгі функционалдық міндеттері:

- мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандарттарына сәйкес және "құндылықтарға негізделген білім беру" тұжырымдамасы негізінде оқытылатын пәннің ерекшелігін ескере отырып, білім алушыларды оқытуды және тәрбиелеуді жүзеге асырады;

- білім алушы мен тәрбиеленуші тұлғасының жалпы мәдениетін қалыптастыруға және оны әлеуметтендіруге ықпал етеді, білім алушылардың жеке қабілеттерін анықтайды және дамытуға жәрдемдеседі;

- білім алушылардың жеке қажеттіліктерін ескере отырып, оқытудың жаңа тәсілдерін, тиімді нысандарын, әдістері мен құралдарын қолданады. Қысқа мерзімді жоспарлар, бөлім бойынша жиынтық бағалау және тоқсандық жиынтық бағалау тапсырмаларын жасайды;

- электрондық журналдарды толтырады;;

- білім алушылар мен тәрбиеленушілердің мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандарттарында көзделген деңгейден төмен емес тұлғалық, жүйелік-қызметтік, пәндік нәтижелерге қол жеткізуін қамтамасыз етеді

- оқу бағдарламаларын, оның ішінде ерекше білім берілуіне қажеттілігі бар білім алушыларға арналған бағдарламаларды әзірлеуге және орындауға қатысады, оқу жоспарын және кестеге сай оқу процесінің  толық көлемде жүзеге асырылуын қамтамасыз етеді;

- әдістемелік бірлестіктердің, мұғалімдер қауымдастығының, әдістемелік, педагогикалық кеңестердің, желілік қоғамдастықтардың отырыстарына қатысады;;

- білім алушылардың, тәрбиеленушілердің жеке қабілеттерін, қызығушылықтарын және бейімділіктерін зерделейді;

- ата-аналарға арналған педагогикалық консилиумдарға қатысады, ата-аналарға кеңес береді;

-кәсіби құзыреттілікті, оның ішінде ақпараттық-коммуникациялық құзыреттілікті арттырады. Еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау, өртке қарсы қорғау ережелерін орындайды;

- білім беру процесі кезінде білім алушылардың өмірі мен денсаулығын сақтауды қамтамасыз етеді;

- ата-аналармен немесе олардың орнындағы адамдармен ынтымақтастықты жүзеге асырады;

- жабдықты пайдалану кезінде қауіпсіздік және еңбекті қорғау талаптарын орындайды;

- білім беру процесі кезінде балалардың өмірі мен денсаулығын сақтау үшін қажетті жағдайлар жасауды қамтамасыз етеді;

- тізбесін білім беру саласындағы уәкілетті орган бекіткен құжаттарды толтырады;

- білім беру процесінің барлық субъектілерінің, оның ішінде балалар отбасының қатысуымен ұйымда "құндылықтарға негізделген білім беру" тұжырымдамасын енгізеді;

- білім алушылар, тәрбиеленушілер арасында сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті, Академиялық адалдық қағидаларын бойына сіңіреді;

Мұғалім білуі керек:

Қазақстан Республикасының Конституциясы, Қазақстан Республикасының Еңбек Кодексі, Қазақстан Республикасының "Білім туралы", "Педагог мәртебесі туралы", "Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы", "Қазақстан Республикасындағы тіл туралы" заңдары, білім берудің мемлекеттік жалпыға міндетті стандарттары және білім беруді дамытудың бағыттары мен перспективаларын айқындайтын басқа да нормативтік құқықтық актілерін;

оқу пәнінің мазмұны, оқу-тәрбие процесі, оқыту және бағалау әдістемесін;

педагогика мен психологияны;

пәнді оқыту әдістемесін, Тәрбие жұмысын, Оқыту құралдары және олардың дидактикалық мүмкіндіктерін;

оқу кабинеттері мен қосалқы үй-жайларды жабдықтауға қойылатын талаптарды;

еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғауды, өртке қарсы қорғау жөніндегі ережелерді, санитарлық ережелер мен нормаларды білуі тиіс.

Құжаттар тізімі:

1) нысан бойынша қоса берілетін құжаттардың тізбесін көрсете отырып, конкурсқа қатысу туралы өтініш (нысан қоса беріледі);

2)жеке басын куәландыратын құжат немесе цифрлық құжаттар сервисінен электрондық құжат (сәйкестендіру үшін);

3) кадрларды есепке алу бойынша толтырылған жеке іс парағы (нақты тұрғылықты мекенжайы мен байланыс телефондары көрсетілген – Бар болса);

4) педагогтердің үлгілік біліктілік сипаттамаларымен бекітілген лауазымға қойылатын біліктілік талаптарына сәйкес білімі туралы құжаттардың көшірмелері; ;

5) еңбек қызметін растайтын құжаттың көшірмесі (бар болса);

6) "Денсаулық сақтау саласындағы есепке алу құжаттамасының нысандарын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің міндетін атқарушының 2020 жылғы 30 қазандағы № ҚР ДСМ-175/2020 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 21579 болып тіркелген) бекітілген нысан бойынша денсаулық жағдайы туралы анықтама;

7) психоневрологиялық ұйымнан анықтама;

8) наркологиялық ұйымнан анықтама;

9) ұлттық біліктілік тестілеу сертификаты (бұдан әрі - ТБЖ) немесе педагог-модератордың, педагог-сарапшының, педагог-зерттеушінің, педагог-шебердің біліктілік санатының болуы туралы куәлік (бар болса);

10) педагогтің бос немесе уақытша бос лауазымына кандидаттың толтырылған бағалау парағы (нысан қоса беріледі).

11) 16-қосымшаға сәйкес нысан бойынша педагогтің бос немесе уақытша бос лауазымына кандидаттың толтырылған Бағалау парағы.

Толық ақпарат алу үшін:

 

 

Абай облысы Семей қаласы,Торайғыров 121А

Байланыс нөмірі: 56-34-78

Электрондық мекен-жайы: semey.sh16@mail.ru

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Мемлекеттік білім беру
ұйымдарының бірінші
басшылары мен педагогтерін
лауазымға тағайындау,
лауазымнан босату
қағидаларына
10-қосымша

 

Нысан

 

____________________________
конкурс жариялаған мемлекеттік
орган

       ___________________________________________________________________

       кандидаттың Т.А.Ә. (болған жағдайда), ЖСН

       _______________________________________________________________

       (лауазымы, жұмыс орны)

       _______________________________________________________________

       _______________________________________________________________

      нақты тұратын жері, тіркелген мекенжайы, байланыс телефоны

Өтініш

      Мені бос/уақытша бос лауазымға орналасуға арналған конкурсқа жіберуіңізді сұраймын (керегінің астын сызу керек)

       _______________________________________________________________

       білім беру ұйымдарының атауы, мекенжайы (облыс, аудан, қала / ауыл)

       Қазіргі уақытта жұмыс істеймін

       _______________________________________________________________

      лауазымы, ұйымның атауы, мекенжайы (облыс, аудан, қала / ауыл)

      Өзім туралы мынадай мәліметтерді хабарлаймын:

      Білімі: жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі

Оқу орнының атауы

Оқу кезеңі

Диплом бойынша мамандығы

 

 

 

 

 

 

      Біліктілік санатының болуы (берген (растаған) күні):____________________________
       Педагогикалық жұмыс өтілі:________________________________________________
       Келесі жұмыс нәтижелерім бар:_____________________________________________
       Наградалары, атақтары, дәрежесі, ғылыми дәрежесі, ғылыми атағы, сондай-ақ қосымша мәліметтері (болған жағдайда)
      _________________________________________________________________

 



 

 

Мемлекеттік білім беру
ұйымдарының бірінші
басшылары мен педагогтерін
лауазымға тағайындау,
лауазымнан босату
Қағидаларына
16-қосымша

 

 

Нысан

Бос немесе уақытша бос педагог лауазымына үміткердің бағалау парағы

      ___________________________________________________

      (Тегі, аты, әкесінің аты (бар болса))

Өлшемшарттар

Растайтын құжат

Балл сандары
(1-ден 20-ға дейін)

1.

Білім деңгейі

Білімі туралы дипломның және дипломға қосымшаның көшірмелері

Техникалық және кәсіби = 1 балл
Жоғары күндізгі = 2 балл
Жоғары күндізгі үздік= 3 балл
Магистр = 5 балл

2.

Ғылыми/академиялық дәрежесі

Білімі туралы дипломның және дипломға қосымшаның көшірмелері

PHD-доктор = 10 балл
Ғылыми доктор = 10 балл
Ғылыми кандидат = 10 балл

3.

Жұмыс өтілі жоқ үміткерлер үшін сертификаттау

Сертификат

"Педагог" біліктілік санаты - 5 балл

4.

Біліктілік санаты

Жеке куәлік, басқа құжат

Екінші санат = 1 балл
Бірінші санат = 2 балл
Жоғары санат = 3 балл
Педагог-модератор = 3 балл
Педагог-сарапшы = 5 балл
Педагог-зерттеуші = 7 балл
Педагог-шебер = 10 балл

5.

Әкімшілік және әдістемелік қызметтегі жұмыс тәжірибесі

Еңбек кітапшасы/еңбек қызметін растайтын басқа да құжат

Әдіскер (лауазымдық жұмыс өтілі кемінде 2 жыл) = 1 балл
Директордың орынбасары (лауазымдық жұмыс өтілі кемінде 2 жыл) = 3 балл
директор (лауазымдық жұмыс өтілі кемінде 2 жыл) = 5 балл

6.

Алғаш рет жұмысқа тұрған педагогтер үшін

Білімі туралы дипломның қосымшасы

Педагогикалық/ кәсіби тәжірибенің нәтижелері
"өте жақсы" = 1 балл
"жақсы" = 0,5 балл

7.

Бұрынғы жұмыс орнынан (педагог лауазымы бойынша) немесе оқу орнынан ұсыныс хат

Ұсыныс хат (Конкурсты өз бетінше жариялаған білім беру ұйымы соңғы жұмыс/оқу орны бойынша ұйымға/оқу мекемесіне өтініш жасайды)

Оң ұсыныс хатының болуы = 3 балл
Теріс ұсыныс хатының болуы = минус 3 балл

8.

Кәсіби жетістіктерінің көрсеткіштері

- дипломдар, білім алушылардың олимпиадалар және конкурстар, ғылыми жобалар бойынша жеңімпаздардың грамоталары;
- дипломдар, мұғалімнің олимпиадалар және конкурстар жеңімпаздарының грамоталары;
- мемлекеттік награда

олимпиадалар және конкурстар жеңімпаздары = 0,5 балл
ғылыми жобалардың = 1 балл
олимпиадалар және конкурстар жеңімпаздары - 3 балл
"Үздік педагог" конкурсына қатысушы = 1 балл
"Үздік педагог" конкурсының жеңімпазы = 5 балл
"Қазақстан еңбек сіңірген ұстазы" медаль иегері = 10 балл

9.

Әдістемелік қызметі

-авторлық шығармалары, басылымдары

ҚР ОАМ тізбесіне енген оқулықтар мен (немесе) ОӘК авторы немесе бірлескен авторы = 5 балл
РОӘК тізбесіне енген оқулықтар мен (немесе) ОӘК авторы немесе бірлескен авторы = 2 балл
БССҚЕК, Scopus тізбесіне енгізілген ғылыми-зерттеу қызметі бойынша жарияланымның болуы - 3 балл

10.

Қоғамдық-педагогикалық қызметі

Қоғамдық-педагогикалық қызметін растайтын құжат

тәлімгер = 0,5 балл
ӘБ басшылығы = 2 балл
Екі тілде сабақ беру, орыс/қазақ = 2 балл
шетел/орыс немесе шетел/қазақ = 3 балл,
үш тілде сабақ беру (қазақ, орыс, шетел) = 5 балл

11.

Курсқа дайындық

- пәндік дайындық сертификаттары;
- цифрлық сауаттылық,
КАЗТЕСТ,
IELTS;
TOEFL;
DELF сертификаттары;
Goethe Zertifikat, "Python тілінде бағдарламалау негіздері" бағдарламалары бойынша оқыту, "Microsoft"
Курсера жұмыстарына оқыту
Халықаралық курстар:
TEFL Cambridge
"CELTA
(Certificate in Teaching English to Speakers of Other Languages)"
CELT-P (Certificate in English Language Teaching – Primary)
DELTA (Diploma in Teaching English to Speakers of Other Languages)
CELT-S (Certificate in English Language Teaching – Secondary)
""TKT
Teaching Knowledge Test"
Certificate in EMI Skills (English as a Medium of Instruction)
Teacher of English to Speakers of Other Languages (TESOL)
"TESOL"
Certificate in teaching English for young learners
International House Certificate in Teaching English as a Foreign Language (IHC)
IHCYLT - International House Certificate In Teaching Young Learners and Teenagers
Becoming a Better Teacher: Exploring Professional Development
Assessment for Learning: Formative Assessment in Science and Maths Teaching
Online Teaching for Educators: Development and Delivery
Educational Management
Key Ideas in Mentoring Mathematics Teachers
Курсы на платформе Coursera, Futute learn
Teaching Mathematics with Technology
Special Educational Needs
"Developing expertise in teaching chemistry "

ПШО, НЗМ, "Өрлеу" курстары
= 0,5 балл
Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2016 жылғы 28 қаңтардағы № 95 бұйрығына сәйкес тізбеге енгізілген біліктілікті арттыру ұйымдары іске асыратын білім беру саласындағы уәкілетті органмен келісілген бағдарламалар бойынша біліктілікті арттыру курстары (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 30068 болып тіркелген)
= 0,5 балл (әрқайсысы бойынша жеке)

12.

Мемлекеттік білім беру гранты бойынша білім алған жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымының түлегі, "Дипломмен ауылға!", "Серпін" мемлекеттік бағдарламаларының қатысушысы, Жұмыспен қамту орталығы жастар тәжірибесі бойынша жіберілген педагог

Мемлекеттік білім беру гранты иегерінің сертификаты, келісім-шарты

3 балл қосылады

Барлығы:

 

 

 

 

 

 

Дата публикации
12 июня 2026