"Fibonacci Robot Olympiad" робототехника бойынша Республикалық Олимпиадасы

"Fibonacci Robot Olympiad" робототехника бойынша Республикалық Олимпиадасы

2025 жылғы 15-16 наурызда Астана қаласында "Fibonacci Robot Olympiad" робототехника бойынша Республикалық Олимпиада өтті. Бұл Олимпиада робототехника бойынша ең ірі олимпиадалардың бірі болып табылады және жеңімпаздар мен жүлдегерлерге Әлемдік аренада Қазақстанның атынан өкілдік ету құқығын береді.
Біздің қаланы осы беделді байқауда информатика және робототехника мұғалімі Юрий Брониславович Котвицкийдің жетекшілігімен "№ 1 мектеп - лицейі" КММ-нің келесі оқушылары ұсынды. Турнир қорытындысы бойынша "Atom" командасы екінші орынды, "Android" командасы - 4 орынды иеленді. Екі команда да Анталия қаласында (Түркия) өтетін олимпиаданың халықаралық турына шақыру алды.
Балаларды және тәлімгерді лайықты нәтижемен құттықтаймыз 👏 👏 👏