25 ҚАЗАН - РЕСПУБЛИКА КҮНІ

25 ҚАЗАН - РЕСПУБЛИКА КҮНІ

25 қазан — Республика күні қарсаңында білім беру бөлімінің жоспарына сәйкес Оқушылар сарайының ұйымдастыруымен қоғамда адал ұрпақты қалыптастыру, оқу орындарында сыбайлас жемқорлыққа қарсы ағартушылық насихат жұмыстарын жүйелі түрде жүргізу, жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру мақсатында "Адал жас ұрпақ" еріктілер клубының көшбасшыларының қалалық форумы өтті.

Форум қонақтары— Қазақстан Журналистер және Жазушылар одағының мүшесі, ақын, тележүргізуші Балмолда Мұнайдар Мұханбетжанұлы, "Жастар рухы" жастар қанатының төрағасы Исламғали Архат Жұбайұлы болды.

"Тұғыры биік Тәуелсіз еліміздің жарқын келешегі үшін атсалысатын өздеріңдей жас азаматтарды тәрбиелеп шығу және қоғамды сыбайлас жемқорлыққа қарсы қозғалысқа тарту—бүгінгі аға буынның басты міндеттері" деп қонақтарымыз өздерінің жастарға деген кеңестерін айтты.

Форум барысында №33 жалпы орта білім беретін мектебінің оқушысы Азиза Бейбіт «Адалдық пен ар ожданды ұрпақ санасына сіңіріп өсіріп келеді» атты қоғамға ой салатын әлеуметтік бейнетүсірілім арқылы баяндап өтті.

№37 жалпы орта білім беретін мектебінің «Адал ұрпақ» клубы мүшелері «Біз секілді адал бол!» атты қойылымын қойып, Д.Қонаев атындағы №44 мектеп-гимназиясының оқушылары парасаттылық пен адалдық туралы өз ойларынөлең жолдарымен жеткізіп, «Адал ұрпақ» клубының әнін орындады.

  • Шара соңы Е.Хасанғалиевтің "Атамекен" әнімен аяқталды.
  •  

https://www.instagram.com/p/Cyv7tRsMGRD/?igshid=M2MyMzgzODVlNw==

 

25 қазан — Республика күні  қарсаңында «Ата-аналарды педагогикалық қолдау орталықтары » жобасы шеңберінде қаламызда жалпы білім беретін мектептерде «Даналық мектебінің» жұмыстары жүйелі ұйымдастырылуда. Бүгін №50 жалпы орта білім беретін мектебінде «Ұлтымның тәрбиесінде ұлылық бар» атты Алматы қаласынан келген  Батыс Қазақстан облысының тумасы еңбек ардагері, ҰОС ардагері Исмагулов Серажедин атамыздың жесірі, ақын Тайыр Жароковтың ұрпағы,  репрессияға ұшыраған жанұяның келіні Алма Исмагулова әжеймен және Исмагулов Серажиден атамыздың ұрпағы «Мұғалімдерді қайта даярлау институтының»  көп жылдар бойы  білім саласында  абыройлы еңбек атқарған зейнеткер ұстаз Мухамбет Исмагулов атамызбен кездесу сағаты оздырылды. Ұлағатты мәні зор тәрбие сағатына ата аналар,  жас педагогтар, жоғары сынып оқушылары қатысты.  Кездесу барысында отбасы басынан қазан төңкерісі, қуғын-сүргін, репрессия, аштықты, соғысты өткізген жанұялардың бірі ретінде жас ұрпаққа сабақ болар тарихи мәліметтер баяндалды. Сондай қайғы қасірет, зұламаттарды басынан өткізген Алма әжей өскелең ұрпаққа жарқын болашақ үшін білім, ғылымға құштар болып өсулеріне, ата аналарға бала бойына ұлттық тәрбиені  көбірек сіңіруге ақыл кеңесін беріп, ақ батасын арнады.

Сондай ақ кездесуге Зашаған кентінің ақсақалдар кеңесінің төрағасы Қайреден Жақсығұлов және «Қоғамдық келісім» КММ бөлім басшысы Бекқали Бержанов қатысты.

https://www.instagram.com/p/Cyv4FetMyNc/?igshid=M2MyMzgzODVlNw==

25 ҚАЗАН- ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ КҮНІ

25 қазан Республика күніне орай жалпы білім беретін мектептердің  (гимназия, лицей) қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімдерінің арасында           «Менің арманымдағы Қазақстан» атты (сырттай ) эссе байқауы болып өтті.

Мақсаты-педагогтердің шығармашылық әлеуетін қалыпттастыра отырып, жалпыұлттық патриоттық идеяны насихаттау.Байқауға еңбек өтілі 1-3 жыл аралығындағы жас мамандар қатысты.Қазылар алқасының шешіміне сәйкес төмендегі мұғалімдер жүлдегер атанды:

I орын

Мәлік Саягүл-Д.Қонаев ат.№44 мектеп-гимназиясының мұғалімі

II орын

Пауетдин Нұржанар -№49 ЖОББМ мұғалімі

III орын

Колесникова ксения -17ЖОББМ мұғалімі

Сүлейменова Гаухар -№41мектеп-лицейінің мүғалімі

Алғыс хат

Утешева Гүлмира -№1 ЖОББМ мұғалімі

Берікқали Сауат –Ә.Молдағұлова ат.№38  мектеп-лицейінің мұғалімі

https://www.instagram.com/p/Cyvai5DsSgQ/?igshid=dWNtbGo5c24waDNo

 

 

23 қазан күні дәстүрлі ҰЛТТЫҚ МЕКТЕП ЛИГАСЫНЫҢ  қалалық кезеңінің ашылу салтанаты ұйымдастырылды. 2023-2024 оқу жылында спорттың 10 түрінен 20 000 аса оқушыны қамтитын лига 3 жылдан бері үздіксіз өтуде.

https://www.instagram.com/reel/CyuwMiNsc_w/?igshid=Z2N2Y3FkNW1rNzVv

25 ҚАЗАН –ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ КҮНІ

Жас ұрпақтың бойына экологиялық мәдениетті қалыптастыру ,табиғатқа ұқыпты қарауға, туған жеріне деген сүйіспеншілігін арттыруға тәрбиелеу,аумақты көгалдандыру және абаттандыру жұмыстарын белсендіру мақсатында ұйымдастырылып өткізілген «Таза табиғат-таза Қазақстан» атты экологиялық фестиваль-байқаудың нәтижесінде:

«Үздік Эко ән үндеу» бағыты

I орын -№ 43 жалпы орта білім беретін мектебінің командасы

II орын- №16 жалпы орта білім беретін мектебінің командасы

III орын –Х.Доспанова атындағы №30жалпы орта білім беретін мектебінің командасы

« Үздік Эко блог» бағыты

I орын – А.Байтұрсынов атындағы №10 жалпы орта білім беретін мектебінің оқушысы Мақсұт Назым.

II орын №24 жалпы орта білім беретін мектебінің оқушысы Талап Ақылбек

II орын – А.Тайманов атындағы №34 мектеп гимназиясының оқушысы Абубакир Айнель

III орын №16 жалпы орта білім беретін мектебінің оқушысы Сосковский Владислав

«ЭКО квест» бағыты

I орын - №37 жалпы орта білім беретін мектебінің оқушысы Биктұрған Ерасыл

II орын - №9 жалпы орта білім беретін мектебінің оқушысы Ляшенко Полина

III орын - Д.Қонаев атындағы №44 мектеп гиназиясының оқушысы Есентай Айшат.Жүлделі орындарға  сыйлыққа құлаққап және білім беру бөлімінің дипломдары,«Атамекен» БЖТ Жэо  атынан медаль мен бір күнге тегін демалыс орынға саяхат жасау сертификаттары табысталды.

https://www.instagram.com/p/Cyq5RWBLtP4/?igshid=MWd1a3hhNXZ4eXAxYw==

  25 ҚАЗАН –ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ КҮНІ

«ЖАРҚЫРАП ЖАНҒАН КҮНДЕЙ АЗАТТЫҒЫМ» АТТЫ «QRTAQ IS CUP1» ҚАЛАЛЫҚ ПІКІРСАЙЫС ТУРНИРІ ӨЗ МӘРЕСІНЕ ЖЕТТІ. Турнирге Альфа лигасы (10-11) БПФ,ЛД форматы және Бета (7-9) лигасы АПФ форматы бойынша 24 фракция қатысты. Қорытынды бойынша ЖЕҢІМПАЗДАР Орал қаласы білім беру бөлімінің басшысы А.Темирханованың дипломымен, Аль Фараби оқу орталығының кубок,оқу орталығына жеңілдігімен, Қазақстан студенттер альянсының кубок, арнайы сыйлықтарымен марапатталды.

Альфа лига 10-11 сынып бойынша:

1 орын : Салімгерейқызы Сумайя және Есполқызы Айша (№41 МЛ, №38 МЛ)

2 орын: Сафуллин Алишер және Карин Нұрдаулет (125 high school ABYROI SCHOOL)

3орын: Нуржанов Расул және Есенгалиева Лилия ( №37 ЖОББМ, НЗМ (НИШ)

3 орын: Оңғарбаев Аңсар және Ринатұлы Ерқана  (№37 ЖОББМ, №38 МЛ)

Үздік спикер: Есполқызы Айша (№38МЛ)

Бета лига 7-9 сынып бойынша:

1 орын : Мендіхан Саят және Төлеген Әдлжан (Серебряково ЖОББМ)

2 орын :Жангабыл Айым және Бауржан Еркеназ (№27 МЛ)

3орын: Уалиханова Жансұлу және Алмасова Гүлден ( Ақсай №3 ЖОББМ )

Үздік спикер :Уалиханова Жансұлу (Ақсай,№3ЖОББМ)

25 ҚАЗАН  ҚАЗАҚСТАН – РЕСПУБЛИКА КҮНІ

Республика күніне орай бүгін қалалық білім беру бөлімінің ұйымдастырылуымен №50 ЖОББМ базасында салтанатты жиын өтті. Оған қала әкімінің орынбасары М.Нұржанов,білім саласының ардагерлері мен қызметкерлері қатысты.Қала әкімінің орынбасары Мирболат Нұржанов ұлттық мерекемен құттықтап,қаламыздың әлеуметтік-экономикалық дамуы,оның ішінде білім беру жүйесінің өркендеуі жолында еңбек етіп жүрген жандарға ризашылығын білдірді.Салтанатты шарада ел егемендігінің алғашқы жылдарында білім беру жүйесінің қалыптасуына қосқан үлесі үшін аға буын ардагер ұстаздарға құрмет көрсетіліп, тәтті сый ұсынылды.Салада 30-40 жылдан астам еңбек етіп келе жатқан педагогтерге және мектеп кітапханашыларына қала әкімнің алғыс хаты, қалалық білім беру бөлімі басшысының Құрмет грамотасы мен алғыс хаты табысталды.Шара білім беру  ұйымдары педагогтері мен жас өнерпаздар ұсынған мерекелік концертпен жалғасты.Қалалық білім беру бөлімінің басшысы Ақжарқын Темирханова ардагер ұстаздар мен сала қызметкерлеріне мерекеге орай лебізін арнады.Аға буын ардагерлердің, ұрпақтар сабақтастығы жолымен білім саласында ұзақ жылдан еңбек етіп жүрген педагогтердің адал еңбегін ерекше атап өтті.Сонымен қатар жас ұрпақты елдің кемел келешегін қалыптастыратын патриоттық рухта тәрбиелеудің маңызына тоқталды. Ардагер-ұстаз Тілектес Байқадам мерекелік жыр шашуын оқып,арнайы құрметпен шақырғаны үшін білім беру бөлімі басшылығына,мерекелік көңіл күй сыйлаған өнерпаздарға алғысын жеткізді.

https://www.instagram.com/reel/CyymAXULqHW/?igshid=MTc4MmM1YmI2Ng=

25 ҚАЗАН   – ҚАЗАҚСТАН  РЕСПУБЛИКА КҮНІ

Биыл  Қазақстан Республикасы күні қаланың білім беру ұйымдарында ауқымды аталып өтілуде.

Барлық мекемелер етеңгіліктер,тәрбие сағаттарын өткізсе,жалпы қалалық « Таза табиғат-таза Қазақстан» экологиялық фестивалі,«Адал ұрпақ-адал ұлт» тақырыбында дебат турнирі,бәрыңғай гимн орындау челленджі, «Патриотизм дауысы» патриоттық әндер орындау челленджі, «Еңсесі биік Егемен ел» атты суреттер көрмесі,«Тұғыры биік Туған ел» тақырыбында жас педагогтар арасында эссе байқауы,тағы басқа елеулі шаралар өтті.

Осы шараларға білім беру ұйымдарының 60 мың оқушы-тәрбиеленушілері, 7000 –нан астам педагогтары мен қызметкерлері белсене қатысты.

Республика күніне арналған шаралар « Айналдым сенен Атамекенім» атты мерекелік концертпен қорытындыланды.

https://www.instagram.com/reel/CyyldxaLBZs/?igshid=MTc4MmM1YmI2Ng==

25  ҚАЗАН  – ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКА КҮНІ

Білім беру бөлімінде ардагер, қоғам, қайраткері Қуанышбай Төлебаевпен кездесу өтті.Кездесу барыысында Қуанышбай атамыз өз еңбек жолы туралы,егеменді еліміздің қалыптасуы туралы тағылымды әңгімесін өскелең ұрпаққа жеткізді.Кездесу соңында ардагер атамыз барлық білім беру ұйымдарымен тәрбие шараларында кездесіп жүргенін айтып,алғысын жеткізді.

 

 

 

 

 

 

 

 

25   ҚАЗАН – ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКА КҮНІ

Барлық білім беру ұйымдарында патриоттық әндер челленджі өтуде.

https://www.instagram.com/reel/CyxNY5qoj2g/?igshid=MTc4MmM1YmI2Ng==

25 ҚАЗАН –ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ КҮНІ

Патриотизм дауысы: Орал қаласы білім беру ұйымдары Мемлекеттік гимнді шырқады.

https://www.instagram.com/reel/CyvAL_RserU/?igshid=MTc4MmM1YmI2Ng==

25 ҚАЗАН –ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ КҮНІ

«Патриотизм дауысы » Бүгін қалалық білім беру ұйымдарында бірыңғай әнұран орындалды.

 https://www.instagram.com/reel/CyuyRCSs-Cl/?igshid=MTc4MmM1YmI2Ng==

  25 ҚАЗАН –ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ КҮНІ

« ТАЗА ТАБИҒАТ-ТАЗА ҚАЗАҚСТАН» қалалық экологиялық фестиваль өтуде.

https://www.instagram.com/reel/CyptaHSoeMt/?igshid=MTc4MmM1YmI2Ng==

  25 ҚАЗАН – ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ КҮНІНЕ АРНАЛҒАН ШАРАЛАР

https://www.instagram.com/p/CyodEQZLENX/?igshid=MTc4MmM1YmI2Ng==

25 ҚАЗАН –ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ КҮНІ

Білім беру ұйымдарында спорттық шаралар өтуде.

https://www.instagram.com/p/CyoXA9Or0dm/?igshid=MTc4MmM1YmI2Ng==

25 ҚАЗАН –ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ КҮНІ

Республика күніне орай Аталар, Әкелер,Ағалар мектебі,Ұлдар клубы жетекшілерінің қатысуымен «Бейбіт елдің көк байрағы» атты интелектуалды ойын өткізілді.Бала тәрбиесі-тек бір отбасының ғана емес,бүкіл қоғамның міндеті. Осыны меңзеген Әл-Фараби бабамыздың «Адамға ең әуелі білім берілуі керек. Онсыз берілген білім-адамзаттың қас жауы» деген сөзінің астарында терең мән жатыр.Бүгінгі өткізілген шара-тәрбие жұмысындағы ата-ана мен білім беру ұйымының ыңтымақтастығының белгісі.

https://www.instagram.com/p/Cyls3twMXWL/?igshid=MTc4MmM1YmI2Ng=