«Мектепке дейінгі ұйымның үздік педагогі» облыстық байқауы

«Мектепке дейінгі ұйымның үздік педагогі» облыстық байқауы

Батыс Қазақстан облысы білім басқармасының Әдістемелік орталығы ұйымдастырған «Мектепке дейінгі ұйымның үздік педагогі» облыстық байқауы өз мәресіне жетті.
Байқауға ауданнан 12 тәрбиеші және қаладан 1 тәрбиеші қатысып, кәсіби шеберліктерін жан-жақты көрсетті. Қатысушылар ұйымдастырылған іс-әрекет өткізіп, заманауи әдіс-тәсілдерді тиімді қолдану, балалармен жұмыс жасау шеберлігі, шығармашылық ізденісі мен педагогикалық тәжірибелері бойынша бағаланды.
Байқау нәтижесінде №50 «Заңғар» бөбекжайының тәрбиешісі Серикова Гүлсара Дулатқызы жоғары дайындық деңгейі мен кәсіби біліктілігінің арқасында Бас жүлдені иеленді.
Жеңімпазға республикалық кезеңге жолдама табысталды.