
2026 жылғы 06 ақпан күні ЖОББМ басшылары және шаруашылық жөніндегі орынбасарлары үшін Полиция департаменті мен Білім басқармасының бірлесуімен террористік тұрғыдан осал объектілердің қорғалуын қамтамасыз ету мәселелері бойынша түсіндіру отырысы өткізілді.
Отырыс барысында білім беру ұйымдарындағы қауіпсіздікті қамтамасыз ету, террористік тұрғыдан осал объектілерге қойылатын талаптар, күзет жүйесін ұйымдастыру, бейнебақылау құралдарының жұмысын күшейту, сондай-ақ төтенше жағдайлар кезінде әрекет ету тәртібі бойынша түсіндірме жұмыстары жүргізілді.
Кездесу қорытындысы бойынша қатысушыларға қауіпсіздік талаптарын қатаң сақтау, анықталған кемшіліктерді жою және құқық қорғау органдарымен өзара іс-қимылды күшейту жөнінде тиісті ұсыныстар берілді.