
2026 жылғы 30 қаңтар күні балабақша меңгерушілері, шаруашылық жөніндегі орынбасарлар және қосымша білім беру ұйымдарының меңгерушілері үшін Полиция департаменті мен Білім басқармасының бірлесуімен террористік тұрғыдан осал объектілердің қорғалуын қамтамасыз ету мәселелері бойынша түсіндіру отырысы өткізілді.
Отырыс барысында білім беру ұйымдарындағы қауіпсіздікті қамтамасыз ету, террористік тұрғыдан осал объектілерге қойылатын талаптар, күзет жүйесін ұйымдастыру, бейнебақылау құралдарының жұмысын күшейту, сондай-ақ төтенше жағдайлар кезінде әрекет ету тәртібі бойынша түсіндірме жұмыстары жүргізілді.
Кездесу қорытындысы бойынша қатысушыларға қауіпсіздік талаптарын қатаң сақтау, анықталған кемшіліктерді жою және құқық қорғау органдарымен өзара іс-қимылды күшейту жөнінде тиісті ұсыныстар берілді.