
2026 жылғы 16 қаңтар күні облыс әкімінің орынбасары Қайыржан Меңдіғалиев пен Орал қаласы әкімінің орынбасары Арсен Зиннатұлы, БҚО мәслихаты депутаты, Қазақстан Халықтық партиясының филиалының төрағасы Борис Лаврентьев Орал қаласындағы Вальдорф бағытындағы мектеп-гимназияда өткен «Вальдорф педагогикасы әдістері мен элементтерін пайдалану» тақырыбындағы семинарға қатысты.
Вальдорф бағытындағы мектеп-гимназияның негізі 1996 жылы қаланған. Биыл білім ордасының ашылғанына – 30 жыл. Осы уақыт ішінде гимназия Вальдорф педагогикасының элементтерін мемлекеттік жалпы білім беру стандартымен тиімді үйлестіре отырып, ағылшын тілін тереңдетіп оқытуды табысты жүзеге асырып келеді. Блім ұйымы 2009 жылдан бастап әлемнің 1100 вальдорф мектептерінің тізіміне енген, 2024 жылдан бастап Қазақстанның Гёте-институтімен серіктестік құрылған.
Мектеп-гимназияның басты ерекшеліктерінің бірі – 3–11 сыныптар аралығында неміс тілін екінші шет тілі ретінде оқыту. Бұл оқушылардың тілдік құзыреттілігін арттырып, олардың әлемдік білім беру кеңістігіне еркін бейімделуіне кең мүмкіндік ашады. Оқу жоспарына сәйкес қосымша гимназиялық сағаттар есебінен оқу жүктемесін ұлғайту көзделген. Бұл сағаттар пәндерді тереңдетіп оқытуға, оқушылардың шығармашылық әлеуетін дамытуға және мектептен тыс іс-шараларды ұйымдастыруға бағытталған. Нәтижесінде Вальдорф бағытындағы мектеп-гимназиясы білім сапасының жоғары деңгейін тұрақты түрде көрсетіп келеді.
2021–2022 оқу жылынан бастап гимназияда қазақ тілінде оқытатын сыныптар ашылды. Бұл бастама Вальдорф мектептері ішіндегі алғашқы бастама және мемлекеттік тілдің қолдану аясын кеңейтіп, ата-аналардың сұранысын қанағаттандыруға бағытталған маңызды қадам болды. Өткен жылғы түлектерінің 84 пайызы грант иегері атанды. Отандық оқу орындарымен қатар ФРГ, Венгрия, Чехия, ОАЭ, Қытай, Кипр, Япония, Түркия, Южная Корея, РФ жоғары оқу орындарында білім алып жүр.
Дегенмен, гимназияның материалдық-техникалық базасына қатысты бірқатар өзекті мәселелер бар. «Вальдорф бағытындағы мектеп-гимназиясы» КММ 2009 жылғы 6 қарашадан бастап Орал қаласындағы №3 жалпы орта білім беретін мектептің негізгі ғимаратының жанында тегін жалға алу шарты негізінде орналасқан. Ғимараттың жобалық қуаты 450 оқушыға есептелгенімен, қазіргі таңда онда 527 оқушы білім алуда. Оқу кабинеттерінің саны шектеулі, бірқатар кабинеттер бейімделген форматта жұмыс істейді. Ал акт залы, спорт залы мен асхананы бірлесіп пайдалану оқу процесі мен мектеп ұжымына белгілі бір қиындықтар туғызуда.
Семинар барысында қонақтар вальдорф әдістері қолданылған сабақтарға ашық сабақтарға қатысып, оқушылар өнерін тамашалады, білім беру үдерісінің мазмұны мен әдістемелік ерекшеліктерімен танысты.
Семинар қорытындысында облыс әкімінің орынбасары Қайыржан Ермекұлы Вальдорф бағытындағы мектеп-гимназиясының жұмысына жоғары баға беріп, оның әлеуеті зор екенін атап өтті. Сондай-ақ гимназияны көшіру үшін жеке ғимарат мәселесін шешу бағытында тиісті жұмыстар жүргізіліп жатқанын жеткізді.