«Заң және тәртіп»: құқықтық мәдениетті нығайтуға бағытталған жиын өтті

«Заң және тәртіп»: құқықтық мәдениетті нығайтуға бағытталған жиын өтті

2026 жылғы 15 қаңтар күні Қазақстан Республикасы Президентінің бастамасымен жүзеге асырылып жатқан «Заң және тәртіп» идеологемасын іске асыру аясында мектепке дейінгі ұйым меңгерушілеріне арналған «Қоғам және заң» тақырыбында жиын өтті.

Іс-шараның негізгі мақсаты – қоғамда заң үстемдігін нығайту, құқықтық мәдениетті қалыптастыру, азаматтардың заңға деген құрметін арттыру, сондай-ақ заң талаптарын сақтаудың маңыздылығын кеңінен түсіндіру. Жиын барысында мектепке дейінгі білім беру ұйымдарында заң талаптарын сақтау, тәрбие мен басқару үдерісіндегі жауапкершілік мәселелері жан-жақты қарастырылды.

Бөлім басшысы Алия Кайржанова «Заң және тәртіп» идеологемасының қоғам өміріндегі орны мен маңызына назар аударды. Ол заңға құрмет – азаматтық жауапкершіліктің негізі екенін айтып, білім беру саласы өкілдерінің жас ұрпақтың құқықтық мәдениетін қалыптастырудағы рөлі ерекше екенін атап өтті.

Жиынға қатысқан Орал қаласы прокуратурасының бөлім прокуроры Амангелді Айнұр Талғатқызы құқықтық тәртіпті қамтамасыз етудің маңыздылығына,  мектепке дейінгі ұйымдарда заң нормаларын қатаң сақтау, балалардың құқықтарын қорғау, сондай-ақ педагогикалық ұжымдардың құқықтық сауаттылығын арттыру қоғамдағы тұрақтылық пен қауіпсіздіктің маңызды кепілі екенін атап өтті. Сонымен қатар, прокурор білім беру саласында жиі кездесетін құқықтық мәселелерге тоқталып, олардың алдын алу жолдары жөнінде нақты түсіндірмелер берді.

Сондай-ақ жиынға Батыс Қазақстан облыстық мәслихатының депутаты, Қазақстан Халықтық партиясы облыстық филиалының төрағасы Борис Лаврентьев мектепке дейінгі  ұйымдардың лицензиялануына қатысты мәселелерге тоқталды. 

Жиын барысында қатысушылар тарапынан өзекті сұрақтар қойылып, тәжірибе алмасу жүзеге асырылды. Кездесу мазмұнды пікір алмасу алаңына айналып, заң талаптарын сақтаудың күнделікті қызметтегі маңыздылығын арттыруға бағытталды.