9-11 сынып оқушылары арасындағы пәндік олимпиаданың қалалық кезеңі қорытындыланды

9-11 сынып оқушылары арасындағы пәндік олимпиаданың қалалық кезеңі қорытындыланды

2025 жылдың 17–18 желтоқсан күндері Орал қаласында жалпы білім беретін пәндер бойынша 9–11 сынып оқушыларына арналған республикалық пәндік олимпиаданың қалалық кезеңі өтті. Білім сайысы №51 жалпы орта білім беретін мектеп базасында ұйымдастырылып, қаланың 59 мектебінен 1920 дарынды оқушы қатысты.

Олимпиаданың негізгі мақсаты – білім алушылардың зияткерлік әлеуетін арттыру, ғылыми ізденіске ынталандыру, қабілетті оқушыларды анықтап, оларды қолдау арқылы келесі кезеңдерге сапалы даярлау. Сонымен қатар, бұл дода – дарынды оқушылармен жүйелі жұмыс жүргізудің, шығармашылық қабілеттерін ашудың және болашақ мамандардың қалыптасуына ықпал ететін маңызды алаң.

Білім сайысы қоғамдық-гуманитарлық (Қазақстан тарихы, Құқық негіздері, Қазақ тілі мен әдебиеті, Орыс тілі мен әдебиеті, Ағылшын тілі) және жаратылыстану-математикалық (Математика, Физика, Химия, Биология, География, Информатика) бағыттар бойынша өткізілді. 

- Қоғамдық-гуманитарлық бағыт бойынша – 969 оқушы; 

- Жаратылыстану-математикалық бағыт бойынша – 951 оқушы сынға түсті.

Олимпиада қорытындысы бойынша 720 оқушы жеңімпаз атанды, оның ішінде: 

- І орын – 83 оқушы 

- ІІ орын – 234 оқушы 

- ІІІ орын – 402 оқушы

Жүлделі орын иегерлеріне арнайы дипломдар табысталды. 

132 оқушы олимпиаданың облыстық кезеңіне жолданды.