
2025 жылғы 22 желтоқсанда қалалық жалпы білім беретін мектептердің директорлары мен директордың орынбасарлары Орал қаласындағы Назарбаев зияткерлік мектебі ұйымдастырған нетворкинг-бранчқа қатысты. Іс-шараның негізгі мақсаты — білім беру саласындағы кәсіби байланысты нығайту, НЗМ білім беру өнімдерімен танысу және бірлескен жобаларға серіктес болу.
Кездесу интерактивті офлайн форматта ұйымдастырылып, қатысушылар тәжірибе алмасуға, жаңа идеялармен бөлісуге және кәсіби диалог орнатуға мүмкіндік алды. Іс-шара барысында ғылыми-тәжірибелік бағыттағы интерактивті сессиялар ұйымдасытырлды: жаратылыстану ғылымдары, инженерия және STEM, сондай-ақ креатив пен пәнаралық байланыстар бағыттары бойынша демонстрациялық жұмыстар көрсетілді. Ұсынылған форматтар оқытудың практикалық бағытын, жобалық және зерттеушілік тәсілдерді, сондай-ақ командалық жұмыс пен soft skills дағдыларын дамытуға бағытталды.
Нетворкинг-бранч аясында мектеп директоры Жұлдыз Тұрғаналина білім беру ұйымының даму бағыты мен жүзеге асырылып жатқан жобалар жөнінде баяндама жасап, мектептер арасындағы ынтымақтастықты кеңейтуге дайын екендігін атап өтті. Сонымен қатар менторлық сессиялар, бірлескен конкурстар мен хакатондар, ғылым фестивалі және аймақтық ғылыми-практикалық конференция секілді серіктестік бағыттар ұсынылды.
Кездесу қорытындысы бойынша қалалық білім беру ұйымдары басшылары алдағы уақытта бірлескен жобаларды іске асыруға, кәсіби байланыстарды одан әрі дамытуға ниет білдірді.