Орал қаласының білім беру бөліміне қарасты жалпы орта білім беретін мектептердің, қосымша білім беру ұйымдарының басшылары және қаладағы жекеменшік мектептердің директорларының қатысуымен 2025–2026 оқу жылына арналған алғашқы жұмыс жиыны өтті.
Жиында жаңа оқу жылының басталуына орай білім беру ұйымдарының жұмысын тиімді ұйымдастыру, қауіпсіздік шараларын күшейту, тәрбие мен білім беру процесінің мазмұнын жаңарту сынды өзекті тақырыптар талқыланды.
Кеңесте қаралған негізгі мәселелер БҚО білім басқармасының бас маманы Н.Сұлтанова білім беру ұйымдарының террористік тұрғыдан осал нысандар ретінде қорғалуын ұйымдастыру туралы баяндама жасалды. Білім беру мекемелерінің қауіпсіздік жүйесін жетілдіру бойынша нақты талаптар мен ұсыныстарды ортаға салды.
Бөлім басшысының орынбасары И.Амертаева 2025–2026 оқу жылындағы білім беру бөлімінің қызметтік басымдықтарын таныстырды. Жаңа оқу жылына арналған циклограмма, жұмыс жоспарлары және жобалар туралы баяндап, негізгі бағыттарға тоқталды.
Бөлімнің бас маманы Б.Н. Бақтыгереева 2025–2026 оқу жылына арналған штаттық құрылым, жұмыс оқу жоспарына қойылатын талаптар мен өзекті сұрақтар жөнінде ақпарат берді.
Әдістемелік кабинет меңгерушісі К.Темирбаева 2025-2026 оқу жылна арналған әдістемелік нұсқау хат негізінде жаңа оқу жылында білім беру процесін ұйымдастырудың негізгі бағыттары мен ерекшеліктерін таныстырды.
Мектеп және тәрбие секторының меңгерушісі Ж.Рысказиева «Адал азамат» біртұтас тәрбие бағдарламасына тоқталып, мектептерде оқушылардың тұлғалық дамуына бағытталған жүйелі жұмыстың маңыздылығына тоқталды.
Балалар құқығын қорғау секторының меңгерушісі М.Караева “Балалар құқығын қорғау және психологиялық қолдау” тақырыбы бойынша білім беру ұйымдарында оқушылардың әлеуметтік-психологиялық ахуалын бақылау, ата-аналармен және өмірлік қиын жағдайдағы балалармен жұмысты күшейту жөнінде баяндама жасады.
Бөлім заңгері А.Пионеров №57 бұйрық аясында өзгерістер енгізілген кейбір тармақтар бойынша түсінік берді.
Жиынды Орал қаласының білім беру бөлімінің басшысы А.Қайыржанова қорытындылап, жаңа оқу жылына қойылатын негізгі міндеттер мен басымдықтарға тоқталды. Атап айтқанда, білім сапасын арттыру, тәрбие жұмысын жүйелі ұйымдастыру, қауіпсіздік талаптарын қатаң сақтау, сондай-ақ білім беру ұйымдарын дамыту мен жетілдіру – алдағы жұмыстың негізгі бағыттары ретінде атап өтілді.