🔰Оқушылардың жазғы демалысының аяқталуымен, көңілді демалыс күндерін артқа тастаған балалар енді ерекше серпіммен кезекті оқу жылына аяқ басады.
Балаларды мектепке дайындау – ата-аналар үшін белгілі бір ұйымдастыру жұмыстарын қажет ететін маңызды кезең.
Осы орайда жүрегі жомарт, қайырымды ел азаматтары «Мектепке жол» акциясы аясында көмек қолын созса игі.
🔰Акцияның мақсаты – әлеуметтік жағынан аз қорғалған түрлі санаттағы отбасы балаларына қолдау көрсету мен балалардың 1 қыркүйекте әлеуметтік себептермен мектепке бармай қалуының алдын алу болып табылады.
🔰Қайырымдылық акциясы шеңберінде қаламыздың барлық азаматтарын көмекті қажет ететін балаларды ілтипат пен қамқорлыққа бөлеп, олардың қажетті әлеуметтік жағдайының жақсаруы үшін игі жақсылық жасауға шақырамыз!
📌Демеушілік көрсететін қала тұрғындары мен қонақтарын білім беру бөліміне (Н.Назарбаев даңғылы, 145-үй, тел.: 50-38-79) және қала мектептеріне жолығуын сұраймыз.
🔰Дәстүрлі «Мектепке жол» республикалық акциясы 2025 жыдың 1 тамызы мен 30 қыркүйегі аралығында өтеді.