ҰСТАЗ ЕҢБЕГІ – ЕЛ ҚҰРМЕТІНДЕ

ҰСТАЗ ЕҢБЕГІ – ЕЛ ҚҰРМЕТІНДЕ
ҰСТАЗ ЕҢБЕГІ – ЕЛ ҚҰРМЕТІНДЕ
Мұғалімдер күніне орай облыс орталығындағы «Атамекен» өнер ордасында білім мен тәрбие саласының майталмандарына құрмет көрсеткен «Ұстазға тағзым» атты мерекелік кеш ұйымдастырылды.
Кеш барысында ұстаздық жолдағы еселі еңбек пен білім саласының дамуына қосылған үлес лайықты бағаланып, бірқатар мәртебелі марапаттар табысталды.
🏅 «Ы. Алтынсарин» төсбелгісі – білім беру саласындағы кәсіби шеберлік пен елеулі еңбектің жоғары бағасы.
🏅 «Ерен еңбегі үшін» төсбелгісі – саналы ғұмырын ел игілігіне арнаған еңбек адамдарына көрсетілген құрмет.
🏅 «ҚР Білім беру ісінің құрметті қызметкері» төсбелгісі – білім саласына қосылған қомақты үлес пен табанды еңбектің айғағы.
📜 Облыс әкімінің Алғыс хаты – ұстаздық қызметтегі жауапкершілік пен нәтижелі еңбектің бағасы.
Мерейлі марапаттар – ұстаз еңбегінің қоғамдағы орны мен мәртебесінің биіктігін айқындайтын айрықша құрмет.
Ұстазға құрмет – білімге құрмет! 🌿