Республикалық олимпиадаға жолдама алған оқушыларымызға сәттілік!
2026 жылдың 4–6 сәуір күндері Тараз қаласында 9–11 сынып оқушылары арасында жалпы білім беретін пәндер бойынша республикалық олимпиада өтеді. Аталған білім додасына Казталов ауданынан екі оқушы қатысады.

Қатысушылар:

Талапова Дана – А.Оразбаева атындағы жалпы орта білім беретін мектебінің 11-сынып оқушысы
(қазақ тілі мен әдебиеті пәні)

Рашидов Матхат – Ғ.Молдашев атындағы жалпы орта білім беретін мектебінің 11-сынып оқушысы
(орыс сыныбындағы қазақ тілі мен әдебиеті пәні)

Талапова Дана – білім додаларында жоғары нәтиже көрсетіп жүрген дарынды оқушы. Ол 2024–2025 оқу жылында жалпы білім беретін пәндер олимпиадасының және ауыл мектептері оқушыларына арналған республикалық олимпиадалардың жеңімпазы атанып, І және ІІ орындарды иеленген.

Рашидов Матхат та өз білімін дәлелдеп жүрген оқушылардың бірі. Ол 2025–2026 оқу жылында ауыл мектептері оқушыларына арналған республикалық олимпиаданың кезеңінде жүлделі нәтиже көрсетіп, грамота иегері атанды.

Бұл – оқушылардың табандылығы мен ұстаздарының жүйелі еңбегінің нәтижесі.

Жас зияткерлерімізге алдағы республикалық олимпиадада сәттілік тілейміз! Биік белестерді бағындырып, ауданымыздың мерейін үстем ете берсін!