
Мерекелік шара барысында аудан әкімі Асланбек Ахметоллаұлы сөз сөйлеп, жиналған қауымды Ұлыстың ұлы күні Наурыз мерекесімен құттықтады. Ол өз сөзінде бұл мерекенің тек көктемнің келуі ғана емес, елдің рухани жаңғыруының, бірліктің және жас ұрпақтың болашаққа деген сенімінің символы екенін атап өтті. Сонымен қатар, бүгінгі жастардың білім мен технологияны меңгерудегі жетістіктеріне жоғары баға беріп, олардың ел болашағы үшін маңызы зор екенін ерекше айтты. Шара соңында аудан әкімі жетістікке жетіп жүрген оқушыларға арнайы сертификаттар табыстап, олардың алдағы уақытта да биік белестерді бағындыруына тілектестік білдірді.