Аудан мектептеріне әдістемелік қолдау көрсетілді

Аудан мектептеріне әдістемелік қолдау көрсетілді
🔹 🔹 🔹 Аудан мектептеріне әдістемелік қолдау көрсетілді
2026 жылдың 13 наурыз күні Батыс Қазақстан облысы білім басқармасының әдістемелік орталығы,облыстық психологиялық орталықтың мамандары және аудандық білім беру бөлімі әдістемелік кабинет меңгерушісі мен әдіскерлері Талдыапан жалпы орта білім беретін мектебіне іссапармен барып, педагогтерге әдістемелік көмек көрсетті.
Іссапардың мақсаты – білім беру ұйымдарындағы оқу-тәрбие процесінің жүргізілуін талдау, педагогтерге әдістемелік қолдау көрсету және тәжірибе алмасу болды.
Кездесу барысында оқу-тәрбие жұмыстарының ұйымдастырылуы мен құжаттамаларды жүргізу мәселелері қарастырылып, педагогтердің кәсіби дамуына қатысты ұсыныстар берілді.
Жеңісгүл Мырзабекқызы педагогтерге сараптамалық кеңестің жұмысы мен іс-тәжірибені рәсімдеу талаптары туралы түсіндірсе, Айымгүл Жұмаханқызы педагогтерді аттестаттау тәртібі бойынша ақпарат берді.
Облыстық психологиялық орталықтың әдіскері мектеп ұжымымен жұмыс жүргізіп, ұжымдағы психологиялық ахуалды жақсартуға бағытталған тренинг өткізді.
Осы күні Казталов ауданы білім беру бөлімінің аудандық әдістемелік кабинетінің әдіскерлері Сарықұдық негізгі орта мектебіне іссапармен барып, мектептің оқу-тәрбие үдерісіне зерделеу жұмыстарын жүргізіп, педагогтерге әдістемелік көмек көрсетті.
📍 Іссапар барысында педагогтер өздерін толғандырған сұрақтарына жауап алып, тәжірибе алмасуға мүмкіндік алды.