
«Үздік жыл психологі – 2026» республикалық конкурсы
2026 жылдың 11–13 наурыз күндері Алматы қаласында Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігінің «Дарын» республикалық ғылыми-практикалық орталығының ұйымдастыруымен білім беру ұйымдарының педагог-психологтері арасында «Үздік жыл психологі – 2026» республикалық конкурсы өтті.
Байқауға еліміздің әр өңірінен келген педагог-психологтер қатысып, өздерінің кәсіби шеберліктерін, тәжірибесі мен шығармашылық жұмыстарын таныстырды. Конкурс барысында қатысушылар түрлі кезеңдер бойынша сынға түсіп, психологиялық қызметтің тиімді әдістерін көрсетті.
Аталған байқауда Батыс Қазақстан облысының педагог-психологтері командасы құрамында Казталов ауданынан қатысқан маман да жоғары нәтиже көрсетті.

7 жылдан жоғары еңбек өтілі санаты бойынша:

Жанар Қобландықызы – Казталов ауданы, Қарасу ауылы «Ақжелкен» бөбекжайының педагог-психологі республикалық байқауда III орын иеленді.

Әріптесімізді лайықты жетістігімен құттықтай отырып, алдағы уақытта шығармашылық табыс пен кәсіби биіктер тілейміз!