«ҮЗДІК ПЕДАГОГ-ҰЙЫМДАСТЫРУШЫ – 2026»

2026 жылдың 10–11 наурыз күндері Батыс Қазақстан облыстық әдістемелік орталығының жоспарына сәйкес алғашқы әскери және технологиялық дайындық пәні педагог-ұйымдастырушылары арасында облыстық «Үздік педагог-ұйымдастырушы – 2026» кәсіби байқауы өткізілді.

Байқаудың басты мақсаты – педагог-ұйымдастырушылардың кәсіби біліктілігін арттыру, тәжірибе алмасу алаңын қалыптастыру және өз ісінің үздік мамандарын анықтау.

Байқау барысында қатысушылар бірнеше кезең бойынша сынға түсіп, өздерінің теориялық білімдерін, кәсіби шеберліктері мен практикалық дағдыларын көрсетті. Қатысушылар теориялық тест тапсырмаларын орындап, сыныптан тыс іс-шара ұйымдастыру, саптық дайындық жаттығуларын көрсету және АК-74 автоматын бұзып-жинау тапсырмаларын орындады.

Байқау қорытындысы бойынша Ақпәтер жалпы орта білім беретін мектебінің алғашқы әскери және технологиялық дайындық пәні мұғалімі Самат Усембаев жүлделі ІІ орынды иеленіп, жоғары кәсіби дайындық деңгейін көрсетті.

Әріптесімізді жетістігімен құттықтай отырып, алдағы қызметіне толағай табыс пен жаңа жетістіктер тілейміз!