РЕСПУБЛИКАЛЫҚ БАЙҚАУДА ТОП ЖАРДЫ

РЕСПУБЛИКАЛЫҚ БАЙҚАУДА ТОП ЖАРДЫ
РЕСПУБЛИКАЛЫҚ БАЙҚАУДА ТОП ЖАРДЫ📚
📚Казталов мектеп-лицейінің дарынды оқушылары Республикалық «Зерде» ғылыми жобалар байқауында жоғары нәтиже көрсетіп, екі бірдей оқушысы ІІ орынға ие болды. Бұл жетістік білім ордасының жүйелі еңбегі мен ізденімпаз шәкірттерінің айқын дәлелі.
📚Қоғамдық-гуманитарлық бағыт, этномәдениет секциясы бойынша Еңлік Баянғали “Сүр ет: дәстүрден брендке дейін” атты ғылыми жобасын сәтті қорғап, жүлделі екінші орынды иеленді. Жобада қазақ халқының дәстүрлі тағамы – сүр еттің тарихи-мәдени маңызы, оны қазіргі заман талабына сай брендке айналдыру жолдары кеңінен зерттелген. Жас зерттеушінің ғылыми жетекшісі Тамара Рашидқызы.
📚Ал қоғамдық-гуманитарлық бағыттағы орыс тілі мен әдебиеті секциясында Мирәлі Нұролла “Развитие речи через мультфильмы” тақырыбындағы еңбегімен ІІ орынға лайық деп танылды. Жетекшісі Гульфия Иванқызы.
📚Бұл жеңіс – оқушылардың табандылығы мен ұстаздардың кәсіби шеберлігінің нәтижесі. Казталов мектеп-лицейі алдағы уақытта да ғылым мен білім бәйгелерінде биіктен көрінеді деп сенеміз.