ЖАҢА ТАҒАЙЫНДАУ

ЖАҢА ТАҒАЙЫНДАУ
🔹 ЖАҢА ТАҒАЙЫНДАУ 🔹
Қазақстан Республикасының еңбек және білім саласына қатысты қолданыстағы нормативтік-құқықтық актілерге сәйкес, Малахова Венера Сабитовна «Нұрбалапан» бөбекжайының меңгерушісі лауазымына тағайындалды.
Малахова Венера Сабитовна 1970 жылдың 20 қаңтарында Батыс Қазақстан облысы, Казталов ауданы, Казталов ауылында дүниеге келген. Мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту саласында жоғары білімді, тәжірибелі басшы. Жалпы еңбек өтілі – 35 жыл, басшылық қызметтегі еңбек өтілі – 14 жыл.
Венера Сабитовна 1987–1989 жылдары Орал педагогикалық училищесінде «Мектепке дейінгі ұйым тәрбиешісі» мамандығы бойынша білім алып, 2012–2015 жылдары Батыс Қазақстан инженерлік-гуманитарлық университетінде «Мектепке дейінгі оқыту мен тәрбиелеу» мамандығы бойынша жоғары білімін толықтырды.
Еңбек жолын 1989 жылы туған ауылындағы «Салтанат» балабақшасында тәрбиеші болып бастаған. 2001–2022 жылдар аралығында «Жадыра» балабақшасында тәрбиеші, әдіскер қызметтерін атқарып, 2012 жылдан бастап меңгеруші лауазымында абыройлы еңбек етті.
2022 жылдың тамыз айынан бастап ротация тәртібімен «Ақбота» бөбекжайына меңгеруші болып тағайындалып, бүгінгі күнге дейін ұжымды тиімді ұйымдастырып, мектепке дейінгі білім берудің негізгі бағдарламаларын сапалы жүзеге асыру бағытында нәтижелі еңбек етіп келеді.
Венера Сабитовна – өз ісіне жауапкершілікпен қарайтын, ұжыммен жұмыс істей білетін, кәсіби дамуға ұмтылатын білікті басшы.
✨ Жаңа белестер мен шығармашылық табыс, ұжыммен бірлікте жемісті жұмыс тілейміз! 🌷