Өнегелі жол: білім көшбасшылары

Өнегелі жол: білім көшбасшылары
Тәжірибе мен тағылым тоғысқан тағылымды кездесу
Орал қаласында өткен «Өнегелі жол: білім көшбасшылары» атты кездесу – ұстаздық тәжірибе, көшбасшылық және кәсіби сабақтастықты ұштастырған мазмұнды алаң болды.
💬 Еркін форматтағы сұхбат барысында беделді педагог тұлғалар кәсіби жолындағы маңызды кезеңдермен бөлісіп, білім сапасын арттыру, жас педагогтерді қолдау және тәлімгерлік мәдениетті қалыптастыру жөнінде құнды ой-пікірлерін ортаға салды.
🌱 Тағылымды кездесуден туған нақты ұсыныстар
🤝 Ең алдымен, ауданның білім мен тәрбие саласына үлес қосуға дайын педагог көшбасшылардың нақты базасын қалыптастыру, олардың тәжірибесін жүйелі түрде пайдалану қажеттігі атап өтілді. Бұл бағытта үйлестіруші ретінде Білім басқармасы мен аудандық білім бөлімі тарапынан жауапты тұлғалар бекітілсе, жұмыстардың нәтижелі болатыны айтылды.
📚 Сонымен қатар, ауылдық мектептердегі білім сапасын арттыру, шекаралық аймақта орналасқан шағын мектептерді сақтап қалу мәселелері көтерілді. Жас мамандарға қолдау көрсету, аудандарда жетіспейтін пән мұғалімдерін тарту мақсатында аудан әкімінің білім грантын тағайындау, демеушілер арқылы мақсатты қолдау көрсету ұсынылды.
🎓 Ерекше назар аударылған бағыттардың бірі – кәсіби бағдар беру жұмысы. Оқушыларды тек 11-сыныпта емес, бастауыштан бастап қызығушылығы мен қабілетіне қарай бағыттау, мамандықтармен ерте таныстыру, колледждер мен жоғары оқу орындарының мүмкіндіктерін көрсету – болашақта саналы таңдау жасауға жол ашатыны айтылды.
💡 Сондай-ақ, жасанды интеллект, ғылыми-зерттеу жұмыстары, шеберлік сабақтары мен тәжірибелік оқыту бағытында бірлескен жобаларды іске асыруға дайын педагогтердің бар екені атап өтілді. Педагог қауым жас мұғалімдерге тәлімгер болуға, тәжірибесімен бөлісуге әрдайым ашық екенін білдірді.
✨ Кездесуде айтылған ортақ ой – білім саласының дамуы бірлік пен сабақтастыққа негізделуі тиіс.
🤍 Осындай мазмұнды кездесулер алдағы уақытта да жүйелі түрде жалғасын тауып, нақты жобаларға ұласып, өңірлік білімнің дамуына серпін беретініне сенім білдірілді.
🌿 Бірге дамысақ – білім де, ел де күшейеді.