
Казталов мектеп-лицейінің базасында өткен «Болашақ» жазғы демалыс лагерінің жетінші ауысымы ерекше мәнге бастама ретінде есте қалды. «Білімділер» деп аталған бұл ауысым олимпиада резервінде тұрған білімге құштар, үздік оқушыларға арналды. Аталған кезеңде 36 оқушы қамтылып, 14 пән мұғалімі мен 3 үйірме жетекшісі (шахмат, қолөнер, мүсіндеу) балалардың жан-жақты дамуына үлес қосты.