Еліміздің үздік 100 олимпиадалық мектебі тізіміне Казталов ауданыныңқос мектебі – А.Оразбаева атындағы ЖОББМ және К.Мендалиев атындағы ЖОББМ енді!
Бұл жетістік – оқушылардың табандылығы, ұстаздардың кәсіби шеберлігі мен тынымсыз еңбегінің нәтижесі.
Жалпы білім беретін пәндер бойынша республикалық олимпиаданың қорытынды кезеңіне негізделген бұл рейтинг – үздіктерді ұлықтау мен олимпиадалық әлеуетті одан әрі дамытуға бағытталған.
Ұстаздар мен шәкірттерге шығармашылық табыс, жаңа белестер мен жарқын жеңістер тілейміз!