Мәселе. Перспектива. Тәжірибе.

Мәселе. Перспектива. Тәжірибе.
2 мамыр күні Тасмола жалпы орта білім беретін мектебі базасында аудандық дене шынықтыру пәні мұғалімдеріне арналған семинар өткізілді.
🎯 Семинардың мақсаты– педагогтердің кәсіби құзыреттілігін арттыру, жеке даму траекториясын қалыптастыруға ғылыми-әдістемелік қолдау көрсету.
📌 Семинарға аудан мектептерінің дене шынықтыру пәні мұғалімдері қатысып, келесі тақырыптарда тың ақпараттар мен тәжірибе алмасты:
🗣️ Баяндамашылар:
- Шакиров Талғат Елеуович– Шыңғырлау аудандық білім беру бөлімінің әдіскері
- Кужиева Аида Руслановна – аудандық әдіскер
- Амангереев Марат Жақсығалиевич – Ащысай МББК мұғалімі
- Файзуллин Бекболат Елеубайұлы– Тасмола ЖОББМ мұғалімі
📚 Тақырыптар:
- «Дене шынықтыру сабағындағы бағалау»
- «Қысқа мерзімді сабақ жоспарын құру»
- «Эстафеталық ойындар» тәжірибелік бөлім
- «Ұлттық спортты дамыту – ел болашағына үлес» мазмұнды баяндама
🔁 Семинар соңында қатысушылар кері байланыс беріп, өзара тәжірибе бөлісіп, білімін жетілдіруге бағытталған жаңа идеялармен толықты.
👏 Барлық қатысушылар мен спикерлерге алғыс білдіреміз! Осындай шаралар мұғалімдердің кәсіби дамуына тың серпін беретіні сөзсіз.