"Мектепке дейінгі ұйымның үздік педагогі" байқауынан – жүлделі жеңіс!

"Мектепке дейінгі ұйымның үздік педагогі" байқауынан – жүлделі жеңіс!
Ауданымыздан қатысқан Асима Мирбулатовна «Мектепке дейінгі ұйымның үздік педагогі» облыстық байқауына қатысып жүлдемен оралды🎉
✅Бұл байқау – мектепке дейінгі тәрбие мен оқытуда заманауи әдістерді енгізіп, озық педагогикалық тәжірибені таратуға бағытталған маңызды алаң.
🎉 Аталған байқауда Шыңғырлау ауданының «Болашақ» бөбекжайының тәрбиешісі
👩‍🏫 Аманбаева Асима Мирболатовна облыс бойынша жүзден жүйрік шығып, І орын иеленді! 🥇👏
🌱 Асима Мирболатовнаның кәсіби шеберлігі, креативті көзқарасы, баламен тіл табысу қабілеті мен жаңашыл әдістемелік тәсілдері әділ қазылар тарапынан жоғары бағаланды. Бұл — педагогтың үздіксіз ізденісі мен еңбегінің жарқын жемісі.
💐 Құрметті Асима Мирболатовна, Сізді шын жүректен құттықтаймыз! Шығармашылық табыс, шабыт пен биік белестер тілейміз! Сіздің жетістігіңіз — ауданымыздың абыройы!