Батыс Қазақстан облысының әдістемелік орталығының ұйымдастыруымен ағымдағы жылдың 25 сәуір күні биология пәнінен педагогтің кәсіби қызметінде жоғары нәтижелерге жетуде ұмтылысын арттыру, мәртебесін көтеру және қолдау мақсатында биология пәні мұғалімдері арасында «БИОЛОГИЯЛЫҚ РЕГАТА-2025» байқауы Орал қаласы Б.Момышұлы атындағы №46 жалпы орта білім беретін мектебінің базасында өткізілді.
Байқаудың нәтижесінде «BioVision» топтың мүшелері:

Л.Қылышев ат.ЖОББМ биология пәні мұғалімдері
– Амиргалиева Руслана Жумажановна
– Амиргалиева Зульфия Сериковна

Шыңғырлау ЖОББМ биология пәнінің мұғалімі
– Салимгереева Асемгуль Ерлановна

Ақтау ауылының НББОМ биология пәнінің мұғалімі
– Ажгалиева Жұлдыз Сансызбаевна
жүлделі ІІІ орынды иеленді!