«Тиімді әрекет – сапалы нәтиже» тәжірибе алмасу алаңы барысында онлайн педагогтер мен оқушылар арасында жағымды қарым-қатынас орнатуға бағытталған «Танысу және ынтымақтастық» тренингі өткізілді

. Бұл тренингтен кейін тірек және бекітілген мектептердің педагогтері «Табысты сабақ» тақырыбында өзара тәжірибе алмасып, білім беру саласындағы жаңа әдістемелер мен тәжірибелермен бөлісті

. Амангелді мектебінің педагогтері «Әдістемелік өнімдер», «Ұлттық құндылық – тәрбиенің бастауы» және «Әдістемелік жоба-іс тәжірибе алаңы» тақырыптарында бір-бірімен кәсіби тәжірибе алмасып, өзара ынтымақтастықты нығайтты

.